Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Қазақстан балалары» бағдарламасы - бүлдіршіндер құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет жұмысының тұрақты әрі жүйелі жалғасы.
Кешенді құжат өскелең ұрпақты қорғауға қатысты негізгі салалардағы тетіктерді біріктіруге әрі жүйелеуге бағытталған. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында осылай жазып, бағдарламаны іске асырудың 2026-2030 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспары жаңа 158 нақты шарадан тұратынын жеткізді. Ол балалар қауіпсіздігін және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Денсаулық сақтау, инфрақұрылым, балалар маршрутына цифрлық сүйемелдеу жүйесін енгізу және онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды шаралар қарастырылған. Саладағы нормативтік құқықтық базаны іске асырып, оны жаңарту көзделіп отыр. Мемлекеттік кеңесші бағдарламаны кешенді әрі ұзақ мерзімді құжат деп жазды. Бүлдіршіндер қауіпсіздігі басты бағыттардың бірі саналатынын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында екенін еске салды.