Қазақстан балалары тұжырымдамасы 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландырылады

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

- Мемлекетіміз қабылдаған жүйелі шаралар және қол жеткізілген нәтижелер «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына негіз болды. Тұжырымдама балалардың құқығын қорғаудың бірізділігін және шаралардың тиімділігін арттырады. Балалардың негізгі құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Олар: балалардың қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары, - деді ол.

Министрдің айтуынша, тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор қарастырылған, нақты іске асыру үшін 158 іс-шара жоспарланған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңге.

- «Қауіпсіздік» бағыты аясында қазіргі жағдайды ескере отырып, жұмыс жандандырылады. Ең алдымен, «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» принципін кеңейту көзделіп отыр. Бұл әрбір баланың өмірі, оқуы және дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді. «Таза Қазақстан» акциясы балаларды тәрбиелеудің идеологиялық платформасы ретінде негізге алынады. Бүгінгі күні елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді, барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары мен «111» байланыс орталықтары енгізілген, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью