Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бірі оны байлықпен өлшесе, енді бірі тыныш өмір мен тұрақтылықтан іздейді. Адам баласы туа сала таудай бақыт күтеді, сол үмітпен ғұмыр кешеді. Осы ұғымның ауқымын таразылап, елдердегі өмір сапасын бағалайтын World Happiness Report атты халықаралық зерттеу бар. Соңғы есепке сәйкес, Қазақстан бұл рейтингте алға шығып, бірқатар дамыған елдерді басып озды.
Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Франция мен Сингапурды артта қалдырды. Бір жыл ішінде көрсеткіштің +0.962-ге өсуі елдің бақыт индексіндегі серпінін айқын аңғартады.
Әлемдік бақыт рейтингі алты негізгі өлшемге сүйенеді: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім, өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі, жомарттық және сыбайлас жемқорлық деңгейі. Сонымен қатар әр азамат өз өмірін 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды. Қорытынды нәтиже соңғы үш жылдың орташа көрсеткіші арқылы шығарылады.
Қазақстанның бұл рейтингтегі ілгерілеуі тек экономикалық өсіммен байланысты емес. Ел сенім мен өзара көмек көрсету көрсеткіштері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен. Мәселен, жоғалған әмиянды көршіге қайтару ықтималдығы бойынша Қазақстан 30-орында тұрса, бейтаныс адамға қайтару бойынша 42-орында тұр. Бұл қоғамдағы сенім деңгейінің айтарлықтай екенін білдіреді.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осы факторлар қазіргі әлемде шешуші рөл атқара бастады. Франция мен Сингапур секілді экономикасы қуатты елдердің бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстаннан төмен болуы – соның дәлелі.
Жалпы рейтингтің көшін бұрынғыдай Солтүстік Еуропа елдері бастап тұр. Финляндия сегізінші жыл қатарынан бірінші орыннан түспей келеді. Одан кейін Исландия мен Дания орналасқан. Ал биылғы тізімде Коста-Риканың төртінші орынға көтерілуі ерекше назар аудартты. Бұл жағдай «латынамерикалық бақыт парадоксы» деп аталатын құбылыспен түсіндіріледі, яғни экономикалық көрсеткіштері орташа болса да, халық өмір сапасын жоғары бағалайды.
Ал Израиль қақтығыс жағдайына қарамастан 8-орында тұр. Рейтингтің соңғы, 147-орнында – Ауғанстан орналасқан.
Қазақстан үшін бұл көрсеткіш – тек сан емес, қоғамдағы өзгерістердің көрінісі. Ел ішінде сенімнің артуы, өзара қолдаудың күшеюі және әлеуметтік байланыстардың нығаюы – бақыт индексіндегі өсімнің басты себептерінің бірі.
Сарапшылар алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтады. Өйткені бақыт – тек материалдық әл-ауқатпен емес, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық, адамдар арасындағы сенім арқылы қалыптасатын құндылық.
Соңғы жаңалықтар
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Экономика • Бүгін, 11:18
Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен
Қылмыс • Бүгін, 11:06
Ел тұрғындары қандай дәрілерді көп сатып алады?
Денсаулық • Бүгін, 10:55
Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады
Қоғам • Бүгін, 10:45
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Экономика • Бүгін, 10:42
Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп
Қоғам • Бүгін, 10:28
Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 10:12
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Өндіріс • Бүгін, 10:05
Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады
Дәстүр • Бүгін, 09:52
Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды
Заң • Бүгін, 09:47
Еліміздің қай өңірлерінде жол жабық?
Аймақтар • Бүгін, 09:30
Қаржы • Бүгін, 09:19
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00
Шаруашылық • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:40