Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 халықаралық турнирінде алғашқы жүлдегерлер анықталды. Финалдық белдесулерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тамашалап, әйелдер арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған салмақта Нидерланд спортшысы Амбер Герсжес финалда моңғолиялық Нарансетсег Ганбаатар спортшысын жеңіп, алтын медальді иеленді. Қола жүлде италиялық Франческа Милани мен ресейлік Кристина Дудина спортшыларға бұйырды.
Айта кетейік, 8–10 мамыр күндері аралығында ұйымдастырылып жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі Қазақстанда төртінші мәрте өтіп жатыр. Байрақты бәсеке Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы кешенінде ұйымдастырылған.
Биылғы додаға әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысып, татамиде өзара мықтыны анықтап жатыр. Турнир барысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтинг көшбасшылары белдесіп жатыр.
Министрлік мәліметінше, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі Халықаралық дзюдо федерациясының ресми күнтізбесіне енген және Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды рейтингтік жарыстардың бірі саналады.
Халықаралық турнир алдағы күндері де жалғасып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйламақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.