Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазақстан Барысы" атағын иеленген балуанды 16 тамызға қараған түні Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алған.
"Маңғыстау үшін бұл – тарихи жеңіс", – деп атап өтті әкімдік.
Астанада өткен жарыстың финалында Лабақ Батыр лақап атымен өнер көрсеткен маңғыстаулық балуан Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті.
Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Жантілек Нұртілепұлының тарихи жеңісі бүкіл өңір үшін маңызды оқиға болып, қазақ күресін дамытуға, ұлттық спортты насихаттауға және жас спортшыларды қолдауға жаңа серпін берді", – деп мақтанышпен атап өтті өңір әкімдігі.
Ақтауда өткен салтанатты қарсы алу кезінде жүлдегер мен оның жеке жаттықтырушысы Қайрат Иманғазиевке сыйлық ретінде автокөліктер табысталды.
Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін спортшыны жарыстағы жеңісімен Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағанын жазған болатынбыз.