Қазақстан бірлік мекені : Елордада этностар фестивалі ұйымдастырылды

01.05.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мерекелік іс-шара қонақтарды ерекше көңіл-күйге бөледі. Ұлттық киімдер, әуезді ән, дәмді тағамдардың иісі мерекеге жиналғандарды бей-жай қалдырмаған еді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Фестиваль алғаш рет елордадағы 20-дан астам этнос орталықтарының басын қосты. Олардың әрқайсысы өз мәдениетін ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары арқылы таныстыруға тырысты.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Шараны ұйымдастырушы Зәуре Оспанованың айтуынша, бұл фестиваль еліміздегі көпұлтты бірліктің символикалық көрінісіне айналды.

– Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда түрлі халықтардың өкілдері бейбітшілік пен достықта өмір сүріп жатыр. Бірлік күнінде осы достық пен ынтымақты паш етіп, жұртшылыққа мереке сыйлағымыз келді. Мұнда ұлттық киім киген жандар өте көп, әндер шырқалып, қойылымдар өтіп жатыр — осының бәрі бірлігімізді тағы бір мәрте айшықтайды, – деді Зәуре Оспанова.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сахна төрінде этномәдени бірлестіктердің концерттік нөмірлері бірінен соң бірі жалғасты. Билер, әндер мен ұлт аспаптарының сүйемелдеуіндегі туындылар мерекелік рухты асқақтатып, әр мәдениеттің өзіндік ерекшелігін ортақ бірлік ырғағымен ұштастырды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі этностардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Балалы отбасылар үшін интерактивті алаңдар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Сондай-ақ кішкентай қатысушылар арасында үздік ұлттық киім байқауы өтті. Балалар өз ұлттарының киімін мақтанышпен киіп шығып, мерекелік алаңды этникалық әртүрліліктің жарқын галереясына айналдырды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл фестиваль Қазақстан халқының бірлігі мен өзара құрмет идеясын тағы бір рет айқындай түсті.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Астанада «Dala.Camp» ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы басталғанын жазған болатынбыз.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью