Қазақстан бойынша биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

20.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қазіргі таңда бұл мектептерде 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істеуде.

Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаттарында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен жарқын сәттері еске алынады. Сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, инновациялық ойлауды дамытуға Халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыт ретінде ерекше назар аударылады. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.

Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.

Бірлескен бұйрық білім алушылар арасында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран-при турниріне қатысады

Спорт • Бүгін, 19:43

Алтын Орда мұрасы: Әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады

Руханият • Бүгін, 19:01

Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды

Қоғам • Бүгін, 18:56

Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін

Футбол • Бүгін, 17:59

Жаңа заң жобасы: Қазақстанда билік жүйесі мен сайлау тәртібі қалай өзгереді?

Парламент • Бүгін, 17:58

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Руханият • Бүгін, 17:40

Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды

Оқиға • Бүгін, 17:32

Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді

Саясат • Бүгін, 17:21

Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін

Әлем • Бүгін, 17:10

Табысынан 8 есе көп қарызы барларға несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа шектеу енгізеді

Банк • Бүгін, 17:06

Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?

Қоғам • Бүгін, 16:39

Ресейге баратын шетелдіктер үшін ереже өзгерді: Жаңа талап қандай?

Туризм • Бүгін, 16:30

ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың үкімі өзгере ме?

Заң • Бүгін, 16:22

Момбаса порты және бидай: Екі ел арасындағы сауда айналымы жаңа деңгейге көтеріледі

Президент • Бүгін, 16:01

Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген

Қоғам • Бүгін, 15:52

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью