Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстанда төрт миллионнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін тегін 10 сотық жер алу кезегінде тұр. Алайда әкімдіктерге жер телімдеріне коммуналдық желілерді тарту міндеттелгендіктен, жер өте баяу беріледі. Бұл шешім қисынды, себебі телімді үш жыл ішінде игеру қажет, ал коммуникациясыз бұлай істеу мүмкін емес. Нәтижесінде кезек жылжып жатыр, бірақ өте баяу.
Поделиться
Тengri Нome еліміздің әр өңірінде қанша адам өз жер телімін күтіп отырғанын, жер беріліп жатыр ма, жоқ па және инфрақұрылымның салыну барысын анықтап көрді.
ЖТҚ үшін жер: мемлекет не істеуі керек?Жер кодексінің 50-бабында былай делінген: Қазақстан азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар (10 сотық) мөлшерде жер телімдері жеке меншікке тегін беріледі.
Бұл ретте сізде үйдің, жердің немесе басқа жылжымайтын мүліктің бар-жоғы маңызды емес. Ең бастысы - кезекке тұру. Мұны электрондық үкімет сайты арқылы істеуге болады.
ЖТҚ үшін жерді жергілікті әкімдіктер беруі тиіс. Бірақ ол үшін бірнеше шарт орындалуы керек.
Неге ЖТҚ үшін жер беру кезегі баяу жылжып жатыр?"ЖТҚ үшін жер телімдерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай телімдерді беруге электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Тengri Нome сауалына берген жауабында.
Комитет жер беру мәселесінде қиындықтар бар екенін мойындайды.
"ЖТҚ үшін жер телімін алуға берілген өтінімдердің ұзақ уақыт бойы қанағаттандырылмауына бос аумақтардың жетіспеушілігі және алаңдарды тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын қаржыландырудың аздығы себеп болып отыр", - деп атап өтті АШМ ведомствосы.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, әкімдіктер республикалық бюджет есебінен ЖТҚ телімдерін су, электр және газ желілерімен қамтамасыз етуі тиіс, бірақ бұл жергілікті бюджет 10 пайызды төлеген жағдайда жүзеге асады. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен: жылумен жабдықтау жүйелерін, телефондандыру желілерін, су бұру және кәрізді, инженерлік құрылыстарды, орам ішіндегі жолдар мен өтпе жолдарды тарту көзделген.
Қысқасы, мәселе қаржыға келіп тіреліп тұр.
Қазақстанда 10 сотық жер алу кезегінде қанша адам тұр?Тengri Нome кезек, билік жоспары және ЖТҚ үшін алаңдарды дайындау бойынша мәліметтерді білу үшін барлық облыстық әкімдікке сауал жолдады. Материал көлемді болып шықты. Қысқаша ақпарат алғысы келетіндер үшін біз негізгі түйінді дайындадық.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері бойынша, 01.03.2022 жылдан 23.04.2026 жылға дейін ЖТҚ үшін жер телімін алу кезегінде 4 412 194 адам тұрған. Мұнда бұл көрсеткішке Астанада берілген 250 мың өтініш те кіргенін айта кету керек, бірақ елордада бос жердің тапшылығына байланысты 2006 жылдан бері ЖТҚ үшін жер телімдері берілмейді. Осындай жағдай Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорғанда да қалыптасқан. Сонымен қатар бір адам бір мезетте еліміздің бірнеше өңірінде кезекке тұра алады.
ЖТҚ үшін 10 сотық жер кезегі өңірлер бөлінісінде:
Көріп отырғанымыздай, әртүрлі ведомствоның деректері сәйкес келмейді, әкімдіктерде де мәліметтер басқаша. Мүмкін бұл ақпараттың жиналған күніне байланысты шығар. Қалай болғанда да, ауытқу үлкен емес. Бірақ толық көрініс үшін әр өңір бойынша әкімдіктердің жауаптарын келтірейік, оның үстіне олар жер телімдерін беру жоспары туралы да айтып берді.
Астанадағы ЖТҚ үшін жер кезегіЖылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) тізілімінің мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылдан 2022 жылға дейін кезекке 247 295 адам тұрған. Бірақ бұл есепте тұрудың пайдасы жоқ деуге болады.
"2035 жылға дейінгі Бас жоспарға сәйкес, қала аумағында ЖТҚ аумағын дамыту қарастырылмаған. Алдағы 10 жылда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу көппәтерлі тұрғын үй кешендерін, оның ішінде әлеуметтік тұрғын үйлерді салу есебінен жүзеге асырылады", - деп атап өтті Астананың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, елордада ЖТҚ үшін жер телімдерін алуға сұраныс Бас жоспардың жобалық қуаттылығынан 25 есе артық.
Алматыдағы тегін 10 сотық жер кезегіАлматыда да жағдай осындай: қалада ЖТҚ үшін бос жер телімдері жоқ.
Шымкенттегі ЖТҚ кезегі"Функционалдық аймақтарға бөлуге сәйкес, Алматы шекарасында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аумақтар қарастырылмаған. ЖТҚ үшін жер телімдері берілмейді және ЖТҚ үшін жер бөлу жоспарда жоқ", - деп қысқаша түсініктеме берді Алматының Жер қатынастары басқармасы.
Бұл республикалық маңызы бар қалада да жағдай дәл осындай.
Абай облысындағы ЖТҚ кезегі"Жеке тұрғын үй құрылысына арналған бос жер телімдерінің болмауына байланысты, Шымкент аумағында 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін жер телімдері берілген жоқ", - деп жауап берді әкімдіктегілер.
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы кезек ретін ЖМБМК сайтынан қарауды ұсынды. Десе де, өздеріне тиесілі 10 сотық жерді күтіп отырғандардың басым бөлігі Семейде екенін атап өтті. Бұл халық санының көптігімен, ішкі миграциямен, жеке үйлерге сұраныстың жоғарылығымен және инженерлік инфрақұрылымы дайын жерлердің шектеулі мөлшерімен байланысты.
"Кезек жылжып жатыр, алайда өтініш берушілер санымен салыстырғанда қарқын әлі де төмен. Динамика: 2022 жылдан бері облыстың 2 841 тұрғыны жер телімін алды, 2025 жылы - 546 адам, 2026 жылдың басынан бері - 70 адам алды. Бұл ретте кезекте тұрғандар саны жыл сайын артып келеді, өйткені жаңа өтініштер берілетін жер телімдеріне қарағанда көбірек түседі", - деп хабарлады басқарма.
Өңірде орта есеппен жыл сайын ЖТҚ үшін 500–600-ге жуық жер телімі беріледі. Ең көп берілетін жерлер:
Семейде; Аягөз ауданында; Үржар ауданында.Дәл осы жерлерде жаңа тұрғын үй алқаптары дамып, инженерлік инфрақұрылым дайындалып жатыр.
Алматы облысындағы ЖТҚ кезегі"Абай облысында орташа күту мерзімі шамамен 10–15 жыл", - деп ведомство өкілдері көңіл көншітпесе де, ашығын айтты.
Бұл өңірде бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегі ең көп - 1 305 358 адам. Аудандар бойынша бөлінісі:
Балқаш ауданы - 6 402; Еңбекшіқазақ ауданы - 101 005; Жамбыл ауданы - 58 368; Кеген ауданы - 6 737; Қарасай ауданы - 391 545; Райымбек ауданы - 7 435; Талғар ауданы - 414 720; Ұйғыр ауданы - 10 183; Іле ауданы - 210 487; Қонаев - 122 469; Алатау - 19 112."ЖТҚ үшін 10 сотық жер алу кезегінде тұрған азаматтардың ең көп саны Алматыға тікелей жақын орналасқан Талғар, Қарасай және Іле аудандарында шоғырланған. Жоғары сұраныс Алматыға жақындығымен, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының дамығандығымен, жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ Алматы агломерациясының қала маңындағы аймағына халықтың тұрақты көші-қон ағынымен байланысты", - деп атап өтті Алматы облысының жер қатынастары басқармасы.
Кейінгі үш жылда өңірде 1 002 жер телімі берілді, бұл орта есеппен жылына 334-ке жуық телім.
"Жер телімдерін беру негізінен бас жоспарларға сәйкес келетін және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген бос алқаптары бар елді мекендерде жүзеге асырылады. Бұл - ауылдық елді мекендер, аудан орталықтары мен жаңа тұрғын үй алқаптары. Бос жерлер жоқ ірі қалалар мен халық тығыз қоныстанған қала маңындағы аймақтарда жер телімдерін беру мүлдем жүргізілмейді немесе шектеулі көлемде беріледі", - деп мәлімдеді ведомство.
Әзірге кезек мәселесін шешу бойынша бекітілген құжат жоқ.
Ақмола облысындағы ЖТҚ кезегіАқмола облысында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 10 сотық жер алу кезегінде 398 119 адам тұрды. Ең танымал аудандар, Алматы облысындағыдай, елорданың іргесінде орналасқан.
Ақкөл ауданы - 12 661 адам; Аршалы ауданы - 38 784; Целиноград ауданы - 133 465; Шортанды ауданы - 13 879; Қосшы (Тайтөбе ауылын қоса алғанда) - 92 87; курортты Бурабай ауданында - 42 147; Көкшетау - 35 891.2021 жылдан 2025 жылға дейін өңірде ЖТҚ үшін 2 000 жер телімі берілді.
"Бұланды ауданының Макинск қаласында инфрақұрылымы тартылған 203 жер телімі беріліп жатыр. Сондай-ақ Біржан сал, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Қорғалжын аудандарында ЖТҚ үшін бос жер телімдері бар", - деп хабарлады Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Алайда асыра қуанудың қажеті жоқ: бұл аудандарда жер телімдері 2021 жылы өтініш бергендерге беріліп жатыр. Дегенмен, жер телімдері 2004-2007 жылдары есепке тұрған кезектегілерге берілетін басқа елді мекендермен салыстырғанда, бұл жақсы көрсеткіш.
Ақтөбе облысындағы ЖТҚ кезегі"Осы елді мекенде тұрғын үйге мұқтаж емес, тиісінше құрылыс салу мақсаты жоқ тұлғалардың ретсіз өтініш беруі жер телімдерін беруді қиындатады. Телімдерді беру қатаң кезек ретімен жүзеге асырылады, әкімдіктің оны келесі кезекте тұрған адамға бере салуға мүмкіндігі жоқ. Жеке тұлғалар кезектен өз еркімен шығуға ниет білдірмейді, ал әкімдіктің мұндай кезектегілерді есептен шығаруы жер заңнамасында қарастырылмаған", - деп түйіндеді ведомство өкілдері.
Ақтөбе облысында 205 130 адам ЖТҚ үшін жер телімін алудан үмітті. Кейінгі бес жылда өңірде 10 193 тұрғын жер алды.
Ақтөбеде кезекте 175 911 адам тұр. Бұл өте көп, сондықтан елорда мен басқа да қалалардың үлгісімен өтініш қабылдау тоқтатылды.
Атырау облысындағы ЖТҚ кезегі"2022 жылдан бастап инженерлік желілер мен бөлуге дайын алаңдардың болмауына байланысты 2007 жылғы кезектегілерге ЖТҚ телімдерін беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте "мораторий" жариялау немесе телім беруді жалпы тоқтату туралы заңды түрде бекітілген құжат жоқ. Қазіргі уақытта кезекте тұрғандарға ЖТҚ телімдерін беру инженерлік желілері тартылған, бөлуге дайын алаңдардың жоқтығынан уақытша тоқтатылып отыр", - деп хабарлады Ақтөбенің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Атырау облысында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кезекте 182 983 адам тұрды:
Атырау - 146 890 адам; Жылыой ауданы - 15 795; Индер ауданы - 7 298; Исатай ауданы - 1 203; Мақат ауданы - 1 870; Махамбет ауданы - 4 217; Құрманғазы ауданы - 2 598; Қызылқоға ауданы - 3 112."ЖТҚ үшін берілген жер телімдерінің саны азаю үрдісін көрсетіп отыр. Мәселен, 2021 жылы 2 716 телім берілсе; 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 955-ке дейін төмендеді; 2023 жылы 1 455 телім берілді, бұл төмендеудің жалғасып жатқанын аңғартады. 2024 жылы көрсеткіш күрт азайып, небәрі 572 телім болды. 2025 жылы 837-ге дейін өсім байқалды", - деп Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жағдайды ашық баяндады.
Соған қарамастан, өңірде ЖТҚ үшін 10 сотық жер алуға өтінім қабылдау тоқтатылған жоқ. Тек 2024 жылы су тасқынына байланысты Махамбет және Жылыой аудандарында осындай шара қолданылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы ЖТҚ кезегіШығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша кезекте 59 132 адам тұрды:
Өскемен - 36 106; Риддер - 2 389; Глубокое ауданы - 1 906; Зайсан ауданы - 3 834; Алтай - 1 935; Күршім ауданы - 355; Катонқарағай ауданы - 5 330; Марқакөл - 425; Самар - 1 209; Тарбағатай ауданы - 446; Ұлан ауданы - 1 852; Үлкен Нарын - 2 525; Шемонаиха ауданы - 820."Көрсетілген сан берілген өтініштер мөлшерін білдіреді, өйткені бір тұлғадан бір немесе бірнеше елді мекен бойынша бірнеше өтініш түсуі мүмкін", - деп ескертті Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасы.
2023 жылдан 2025 жылға дейін өңірде 1 272 телім берілді, 2026 жылдың бірінші тоқсанында - 47 телім. Олар негізінен Өскемен, Риддер, сондай-ақ Алтай, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарында беріледі.
"2026 жылы облыс бойынша Өскемен және Зайсанда ЖТҚ аудандарына желілер тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өскеменде бұл - 20, 21, 22, 25, 27, 28-тұрғын аудандар мен Самсоновка ауылы. Сонымен қатар Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Мектеп шағынауданына, сондай-ақ Зайсандағы "Жібек жолы" және "Заречный" тұрғын аудандарына желілер тарту жобалары әзірленіп жатыр", - деп толықтырды ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Өскеменнің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі қалада су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар бар екенін нақтылады. Олар - 28-тұрғын аудан (құрылыстың 3-кезегі) және Ахмиров ауылының маңы.
Өскемен құрылыс бөлімінің мәліметінше, қаланың сол жағалауында ЖТҚ үшін тоғыз тұрғын аудан (16, 18, 20, 21, 22, 25, 27, 28, Самсоновка ауылы) қарастырылған, оның ішінде үшеуі (20, 21, 22) инженерлік желілермен қамтамасыз етілген.
Жамбыл облысындағы ЖТҚ кезегі"16-шы аудан ішкі орамдық электр желілерімен қамтамасыз етілген. Су құбыры және кәріз желілерінің жобасы әзірлену сатысында. 18-ші ауданда сумен жабдықтау, кәріз және электр желілері жобаларын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. 25-ші және 27-ші аудандар магистральдық және ішкі орамдық су желілерімен қамтылған. Ішкі орамдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 28-ші ауданда ішкі орамдық су құбыры желілері мен магистральдық электр желілері тартылды. Ішкі орамдық электр желілері жобаларын іске асыру жалғасып жатыр. Самсоновка ауылы магистральдық және ішкі орамдық электр желілерімен, сондай-ақ ішкі орамдық су желілерімен қамтамасыз етілген. Магистральдық су желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады құрылыс бөліміндегілер.
Редакция сауал жолдаған 20 әкімдіктің екеуі өтініштерді қалалар мен аудандарға қайта бағыттады. Олардың ішінде Жамбыл облысының әкімдігі де бар. Сондықтан өңір бойынша жалпы сандар жоқ, тек төменгі деңгейдегі әкімдіктердің жауаптары ұсынылған.
Мәселен, Таразда 130 512 адам кезекте тұр. Осы уақытқа дейін бар болғаны 3 451 учаске берілген.
"Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алабы мен "Хамукат" алабында ЖТҚ үшін алаңдар дайындау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет мұқтажы үшін қайтарып алынды. Ол жерлерде инженерлік желілерді салу-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Хамукат" тұрғын алабында - 524, ал Асқаров көшесінің соңында - 341 учаскені ЖТҚ үшін беру жоспарланған", - деп хабарлады Тараздың жер қатынастары бөлімі.
Алға ауылының "Оңтүстік" аумағында 25 гектарлық алаң дайындалды - бірінші кезең аясында электр желілері, су және газ тартылды. 2022 жылдан 2025 жылға дейін ауылдағы жаңа тұрғын алабынан 180 учаске берілді.
Байзақ ауданында 1 421 учаске берілді, кезекте әлі 15 105 адам тұр, олардың басым бөлігі - 4 230 адам аудан орталығы Сарыкемер ауылында.
Жамбыл ауданында 14 423 адам 10 сотық жер алудан үмітті. Гродеково елді мекенінде жер беру жоспарда бар, бірақ ол жерге әзірге инженерлік инфрақұрылым тартылмаған.
Тұрар Рысқұлов ауданында кезекте 9 361 адам тұр, олардың жартысынан астамы - 5 438 адам аудан орталығы Құланда жер күтіп отыр. Онда жаңа тұрғын алабы салынып жатыр және инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп қойған. Болашақта Луговое ауылында жер беру жоспарланған.
Сарысу ауданында кезекте 2 124 адам бар. Ол жақта жағдай жақсы:
"Сарысу ауданы бойынша ЖТҚ алуға қатысты ешқандай мәселе туындап отырған жоқ", - деп есеп берді аудандық жер қатынастары бөлімі.
Талас ауданында кезекте 1 084 адам тұр.
"Қаратаудың Бас жоспарына сәйкес, ЖТҚ үшін "Талас-1", "Талас-2" және "Талас-3" тұрғын алаптары қарастырылған. "Талас-3" алабына электр және су желілері тартылып қойған. Газ желілері мен жол инфрақұрылымын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Одан кейін бюджеттік өтінім жолданады. Егер жоба бюджет есебінен қолдау тапса, іске асыруды 2027 жылы бастау жоспарланған", - деп нақтылады Талас ауданының әкімдігі.
"Талас-1" және "Талас-2" тұрғын алаптарында инфрақұрылым құрылысын 2028 жылы бастау көзделген.
Шудағы жаңа "Оңтүстік-Батыс" тұрғын алабында электр желілері, су және газ тартылған орам дайындалды. Бұл ретте қалада 9 400 адам кезекте тұр.
Жуалы ауданында 2026 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша кезекте 6 883 адам тұр, олардың жартысы Момышұлы ауылынан жер алғысы келеді. 2022 жылдан 2025 жылға дейін ауданда 405 учаске берілді.
Қордай ауданында 27 260 адам өз кезегін күтіп отыр.
"2026-2030 жылдарға Қордай ауылындағы "Самал-Тау" тұрғын алабынан 1 557 учаскені дайындау және бөлу жоспарланған. Жобалау-сметалық құжаттама дайын, қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатыр. Отар ауылдық округіндегі "Жаңа құрылыс" тұрғын алабында 886 учаске дайындалып, 2024 жылы бөліне бастады. Ауқатты ауылдық округінде 650 учаске дайындалды. Инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөлуді 2026 жылдан бастау жоспарланып отыр", - деп хабарлады Қордай ауданының жер қатынастары бөлімі.
Меркі ауданында ЖТҚ кезегінде 15 150 адам тұр. Олардың үштен бірі аудан орталығы - Меркі ауылынан жер алғысы келеді. Биыл дайындалған алаптардан 700 учаске беру жоспарланған.
Жетісу облысындағы ЖТҚ кезегіСауалды аудандар мен ауылдық округтерге қайта бағыттаған 20 әкімдіктің екіншісі - Жетісу облысы. Панфилов ауданының әкімдігі өз көрсеткіштерін ұсына отырып, өңір бойынша жалпы мәліметтерді де көрсетті.
Ақсу ауданы - 3 004; Алакөл ауданы - 11 280; Қаратал ауданы - 1 840; Көксу ауданы - 8 771; Панфилов ауданы - 40 653; Сарқан ауданы - 1 936; Ескелді ауданы - 10 806; Талдықорған - 56 027; Текелі - 6 929.Барлығы 142 965.
Өңір бойынша мәліметтерді ұсынған осы ауданнан бастайық. 2026 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша Панфилов ауданында 41 154 адам кезекте тұр, олардың басым бөлігі - Жаркентте.
"Кейінгі жылдары Панфилов ауданында қажетті инфрақұрылыммен қамтылған дайын алаңдардың болмауына байланысты ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жүргізілген жоқ (немесе шектеулі мөлшерде берілді). Жер массивтерін дайындап, инженерлік желілерді тартқаннан кейін бұл жұмыс қайта жанданады", - деп түсіндірді аудандық әкімдіктегілер.
Талдықорғанда 2015 жылдан бері ЖТҚ үшін жер телімдері берілмеген.
"Талдықорғанда, сондай-ақ оған қарасты Өтенай және Еркін ауылдық округтерінде ЖТҚ үшін ұсынылатын дайын алаңдар жоқ", - деп хабарлады Талдықорған жер қатынастары бөлімі.
Айта кетейік, Талдықорғанның Өтенай ауылдық округінде 45 885 адам ЖТҚ кезегінде тұр. Алайда 2015 жылдан бері есепте тұрған кезектегілерге жер учаскелері берілмеген.
"ЖТҚ үшін бекітілген алаңдар жоқ. Округ әкімінің аппараты аумақтарды дамыту мәселесін шешу үшін Талдықорған әкіміне тиісті хат жолдады", - деп атап өтті ауылдық округ әкімдігі.
Талдықорғанның Еркін ауылдық округінде 11 369 адам ЖТҚ үшін жер алудан үмітті.
"Еркін ауылдық округі бойынша кейінгі үш-бес жылда ЖТҚ үшін жер телімдері берілген жоқ, соған байланысты кезек жылжымай тұр. Жер беруге арналған дайын алаңдар жоқ", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
3 809 адам кезекте тұрған Текеліде 2016 жылдан бері ЖТҚ үшін жер телімдері берілмеген.
"ЖТҚ үшін резервке алынған жер телімінің ауданы 6,3 гектар. Қаржының тапшылығына байланысты бұл учаскеге коммуникация тарту мүмкін болмай отыр", - деп атап өтті Текелі әкімдігі.
Оның үстіне қалада бос алаңдар да жоқ. Бір жағынан тау қоршап тұрса, екінші жағында бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатының қалдық қоймалары орналасқан.
"Коммуникация тартуға қаражат жетіспейді, өйткені барлық қаржылық құрал қаланың 90 пайызға тозған коммуналдық мәселелерін (су құбырын, жылу желілерін, кәріз жүйесін жаңарту, жаңа тазарту құрылыстарын салу) шешуге бағытталып жатыр", - деп толықтырды әкімдік.
180 адам кезекте тұрған Үшаралда да ЖТҚ үшін жер телімдері берілмей жатыр. Дегенмен, жақын арада мәселе шешілуі мүмкін.
"2025 жылдың аяғында басталған инфрақұрылым (су және электрмен жабдықтау) құрылысы жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды 2026 жылдың қазанында аяқтау жоспарланған. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін жер учаскелерін кезең-кезеңімен беру көзделіп отыр. Іске асырылып жатқан жоба аясында ЖТҚ үшін 1200 учаске дайындау қарастырылған", - деп хабарлады Алакөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Көксу ауылдық округінде 6 122 адам кезекте тұр.
"Жақын арада азаматтарға беру үшін 150 учаске дайындалып жатыр. Жер телімдерін Көксу ауданының Мәмбет ауылында беру жоспарланып отыр", - деп нақтылады ауылдық округ әкімдігі.
Қаратал ауданында 1 871 адам 10 сотық жер күтіп жүр, олардың басым бөлігі - Үштөбеде.
"Кейінгі үш-бес жылда ЖТҚ үшін жер алу кезегінің қозғалысы 20 пайыз болды, бұл азаматтардың кезекте біртіндеп алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Қаратал ауданы бойынша жыл сайын орта есеппен ЖТҚ және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 144-тен 150-ге дейін жер учаскесі беріледі, бұл кезектің біртіндеп жылжуын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті аудандық әкімдіктегілер.
Ақсу ауданында 2025 жылғы 4 мамыр мен 2026 жылғы 4 мамыр аралығында 3 019 адам кезекте тұрған.
"Кезек қозғалысы бар, алайда дайын жер массивтерінің шектеулі болуына байланысты учаскелерді беру қарқыны төмен болып отыр", - деді әкімдік.
Ескелді ауданындағы кезек тізімі келесідей:
Қарабұлақ ауылдық округі - 6 546 адам; Бақтыбай ауылдық округі - 3 148; Алдабергенов ауылдық округі - 840; Көкжазық ауылдық округі - 158; Төлеңгіт ауылдық округі - 171; Қаратал ауылдық округі - 439; Ақын Сара ауылдық округі - 137; Сырымбет ауылдық округі - 235."Орта есеппен жыл сайын ЖТҚ үшін 10-нан 15-ке дейін жер учаскесі беріледі. Кейінгі жылдары ең көп учаске Шымыр ауылында берілді. Қарабұлақ және Бақтыбай ауылдық округтері облыс орталығына тікелей жақын орналасқан, бұл оларды тұру үшін тартымды етеді. Жетісу облысының құрылыс басқармасына Бақтыбай және Шымыр ауылдарында ЖТҚ үшін инфрақұрылым құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінімдер берілді", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Кербұлақ ауданында кезекте 3 353 адам тіркелген. Кейінгі жылдары мұнда 75 адам жер учаскесін алды.
Сарқан ауданында 1 700 қазақстандық 10 сотық жер алудан үмітті.
Батыс Қазақстан облысындағы ЖТҚ кезегі"Сарқанда жер учаскелерін алу кезегі тоқтатылды, өйткені қалада инфрақұрылымы дайындалған бос жер учаскелері жоқ", - деп атап өтті аудандық әкімдіктегілер.
Батыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 176 128 адам ЖТҚ үшін жер теліміне үміткер болды:
Ақжайық ауданы - 3 053; Бәйтерек ауданы - 24 746; Бөкей ордасы ауданы - 215; Бөрлі ауданы - 15 658; Жаңақала ауданы - 1 508; Жәнібек ауданы - 122; Қазталов ауданы - 589; Қаратөбе ауданы - 548; Сырым ауданы - 1 279; Тасқала ауданы - 1 308; Теректі ауданы - 16 197; Шыңғырлау ауданы - 739; Орал - 110 166.2021 жылдан 2025 жылға дейін өңірде 1 961 учаске берілді.
Қарағанды облысындағы ЖТҚ кезегі"Кейін ЖТҚ үшін учаскелер беру мақсатында инфрақұрылым жүргізіліп жатқан қалалардың, аудандардың және елді мекендердің нақты тізбесі жоқ", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы.
2026 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 65 660 адам кезекте тұрды, оның 51 020-сы Қарағандыда жер алуға үмітті. Кейінгі үш жылда өңірде 1 065 учаске берілді.
Қостанай облысындағы ЖТҚ кезегі"2026 және 2027 жылдары жыл сайын 260 жер учаскесінен беру қарастырылған", - деп хабарлады Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде ЖТҚ учаскелеріне кезек келесідей:
Алтынсарин ауданы - 469 адам; Амангелді ауданы - 154; Әулиекөл ауданы - 701; Б. Майлин ауданы - 282; Денисов ауданы - 123; Жангелді ауданы - 79; Жітіқара ауданы - 510; Қамысты ауданы - 59; Қарабалық ауданы - 297; Қарасу ауданы - 140; Қостанай ауданы - 26 623; Меңдіқара ауданы - 199; Науырзым ауданы - 60; Сарыкөл ауданы - 122; Ұзынкөл ауданы - 90; Федоров ауданы - 180; Арқалық - 2 263; Лисаковск - 1 404; Рудный - 6 057; Қостанай - 45 808.Әкімдік инженерлік желілерді жүргізіп жатыр:
2019-2024 жылдары Қостанайда - 1796 учаскеге газ, су, кәріз, электр желілері және телефон байланысы жүргізілді; 2021-2022 жылдары Рудныйда - 1025 учаскеге газ желілері тартылды; 2022-2023 жылдары Арқалықта - 172 учаскеге су, кәріз, электр желілері тартылды; 2022-2023 жылдары Жітіқарада - 27 учаскеге су, су бұру, электр желілері және газ құбыры тартылды; 2022-2023 жылдары Лисаковскіде - 19-шағынауданға, 80 учаскеге газ, электр, су және су бұру желілері жүргізілді; 2024-2025 жылдары Қостанай ауданында 21 учаскеге электр және газ желілері тартылды. Қызылорда облысындағы ЖТҚ кезегіҚызылорда облысында 183 517 адам ЖТҚ үшін жер теліміне үміткер:
Қызылорда - 115 948; Арал ауданы - 12 021; Қазалы ауданы - 14 448; Қармақшы ауданы - 6 666; Жалағаш ауданы - 3 611; Сырдария ауданы - 2 519; Шиелі ауданы - 14 862; Жаңақорған ауданы - 13 402.Кейінгі бес жылда өңірде ЖТҚ үшін 5 094 жер телімі берілді: Қызылордада бұл Бәйтерек және әл-Фараби тұрғын аудандары, Аралда - № 5 және 6 шағынаудандар, Әйтеке би кентінде - № 4 квартал шағынауданы, Жаңақорған кентінде - Саяжай шағынауданындағы телімдер.
Маңғыстау облысындағы ЖТҚ кезегі"Қызылордадағы Бәйтерек тұрғын ауданының 150 гектар аумағына инженерлік инфрақұрылым тартылды, дайын алаңдарды беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылы Жаңақорған кентінің "Саяжай-1" учаскесінде инженерлік инфрақұрылым мен электрмен жабдықтау құрылысы іске асырылады. Шиелі кентінің шығыс аймақтары мен Байсын ауылында инженерлік инфрақұрылым салу үшін жобалар әзірленіп жатыр", - деп атап өтті Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында ЖТҚ кезегінде 288 478 адам тұрды:
Ақтау - 79 183 адам; Мұнайлы ауданы - 57 629; Жаңаөзен - 20 457; Қарақия ауданы - 17 624; Бейнеу ауданы - 12 724; Маңғыстау ауданы - 479; Түпқараған ауданы - 682."Кезекте тұрғандардың ең көп саны Ақтауда тіркелген. Ауылдық елді мекендер арасында ең көп кезек Ақтаудың Өмірзақ ауылында (17 206 адам), Мұнайлы ауданының Баянды ауылында (15 453 адам), Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында (13 597 адам) және Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында (12 394 адам) байқалды", - деп толықтырды өңір әкімдігі.
Кейінгі бес жылда облыста 1 285 адам жер телімін алды.
Павлодар облысындағы ЖТҚ кезегі"Азаматтарға кейін беру үшін Мұнайлы ауданында 3 336, Қарақияда 693 және Маңғыстау ауданында 322 жер телімі дайындалды", - деп нақтылады әкімдік.
Павлодар облысында тек Успен ауданының жер қатынастары бөлімі өте қысқа есеп берді:
Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖТҚ кезегі"Успен ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер алу кезегі жоқ. Жер телімдерін беру өтініштердің түсуіне қарай жүзеге асырылады".
Петропавлда 23 743 адам ЖТҚ үшін жер телімін алудан үмітті, қалған қалалар мен аудандарда үміткерлер жоқ.
"Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру кезегі жоқ, жер телімдері өтініштердің түсуіне қарай рәсімделеді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Бұл мақсатта орта есеппен жыл сайын 100-ге жуық жер телімі беріледі.
Түркістан облысындағы ЖТҚ кезегі"2026 жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысында ЖТҚ үшін 111 жер телімі берілді (Петропавл - 82, Айыртау ауданы - 15, Аққайың - бір, Тайынша - бір, Мағжан Жұмабаев - бір, Ғабит Мүсірепов - сегіз, Шал ақын - үш). Петропавл әкімдігі кезек ретімен азаматтарға ЖТҚ үшін 1 173 жер телімін бөлуге арналған алаңдар дайындады", - деп толықтырды басқарма.
Түркістан облысында 508 451 адам үй салу үшін жер телімін алу кезегін күтіп отыр. Ең көбі:
Түркістанда - 90 614 адам; Сайрам ауданында - 71 934; Төле би ауданында - 56 403; Сарыағаш ауданында - 51 237; Ордабасы ауданында - 33 916.2021 жылдан 2025 жылға дейін тоғыз мыңнан астам азаматқа жер телімі берілді.
Ұлытау облысындағы ЖТҚ кезегі"Мына аумақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр: Түркістанда - 388 га; Сайрам ауданында - 104 га; Ордабасы ауданында - 126 га; Жетісай ауданында - 35 га аумақта", - деп нақтылады Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы.
Ұлытауда 18 676 адам мемлекеттен берілетін тегін 10 соттық жер кезегінде тұр:
Жезқазған - 14 388 адам; Сәтбаев - 2 779; Жаңаарқа ауданы - 1 286; Қаражал - 223."Ұлытау ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алу кезегі жоқ, өйткені түскен өтініштердің барлығы қанағаттандырылады", - деп атап өтті Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Кейінгі жылдары облыста 1 144 жер телімі берілді. Жыл сайын орта есеппен 20-30-ға жуық учаске бөлінеді.
"Ұлытау ауданында 10 учаскеге арналған инженерлік инфрақұрылым құрылысы аяқталды; Жаңаарқа ауданында 440 учаскеге, Қаражалда 89 учаскеге инженерлік инфрақұрылым тартылды. Сондай-ақ Жезқазған мен Сәтбаевта жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді басқармадағылар.
Бір сөзбен айтқанда, ЖТҚ үшін жер телімдерін бөлу жылдамдығы жерді дайындау мен инженерлік инфрақұрылымды тарту қарқынына тікелей байланысты. Дегенмен, билік әзірге тегін 10 соттық жер беру идеясынан бас тартуды жоспарлап отырған жоқ.
Тағы оқыңыз: Бастапқы жарнасыз және мерзімі кешіктірілген төлемдер болса, ипотека алу мүмкін бе? Сарапшы пікірі
2026 жылғы мүлік салығы - қалай есептеледі және қашан төлеу керек? Нұсқаулық
Авторы: Махаббат Еңсебаева
Дайындаған: Айнұр Қапышова
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу