Қазақстан БҰҰ ның FAO ұйымымен бірлескен бағдарламаны іске асырады

23.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

– Еліміз БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (Food and Agriculture Organization) серіктестік бағдарламасын құрып жатыр. Жоба су ресурстарына арналған және оның 4 негізгі бағыты бар. Олар – байссейндік жоспарлау, су шаруашылығы жүйелерін пайдалануда тиімділікті арттыру, ілкі жобаларды жүзеге асыру және су үнемдейтін технологияларды енгізу, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол аталған салада қазірдің өзінде атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.

– Бүгінде 42 жаңа су қоймасы салынып жатыр. Ал осындай 37 нысан жаңартылуда. Бұдан бөлек, 14,5 мың шақырым су арнасы жөнделіп жатыр. Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында секторды цифрландыру жалғасып келеді. Оның аясында жер асты сулары тіркеліп, саладағы объектілерге арнайы төлқұжат беріледі, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін өңірлік экологиялық саммитте Каспий теңізі мәселесі көтерілгенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью