Қазақстан былтыр 7 млрд доллардың ауылшаруашылық өнімін экспорттаған

05.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 35% өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіп кешені 7 млрд доллардың өнімін экспорттап, өткен жылдың көрсеткішінен 37% жоғары нәтиже тіркеді, — деді Ербол Тасжүреков.

Сондай-ақ, ол майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңгенің 13 жобасы іске асырылатынын айтты.

— Астықты терең өңдеу бағытында 1,9 трлн теңгенің 6 ірі жобасы жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңгенің 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты іске қосылады, — деді вице-министр.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов ет экспортына енгізілген шектеу қашан алынатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью