Қазақстан Даму банкі Жетісудағы электр желілерін жаңғыртуға 9 млрд теңге бөледі

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоба «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады және Жетісу облысындағы электр желісі инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.

Қаржыландыру аясында Талдықорған, Үштөбе, Сарқан қалалары, сондай-ақ Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ және Ақсу аудандарындағы электр желілері жаңартылады.

Атап айтқанда, әртүрлі кернеудегі 465 шақырымнан астам электр беру желісі қайта жаңғыртылып, кабель желілері жаңартылады. Сонымен қатар екі ірі қосалқы станса реконструкциядан өтеді.

– Бұл жоба өңірдегі электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті жобаға қатысушылар.

Жоба Қазақстанның Даму банкі тарапынан «ЭКСЖ» аясында қолдау тапқан табиғи монополиялар субъектілерінің екінші жобасы болып отыр.

Жалпы алғанда, мұндай жобалар электр желісімен қамтылған өңірлерде 1,5 миллионнан астам тұрғынға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Нысандарды пайдалануға беру 2027 жылғы қаңтарға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда электр энергиясын өндіретін құрылғылардың жартысынан астамы әбден ескіргені хабарланған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью