Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Иркутск облысында обаға қарсы институттың 28 жастағы қызметкері қайтыс болғаннан кейін ондағы жағдайды бақылап отыр. Аса қауіпті инфекцияның таралуы мүмкін деген хабарларға байланысты шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ДСМ не дейді?
Денсаулық сақтау министрлігі Иркутск облысындағы жағдайды қадағалап отырғанын мәлімдеді. Онда обаға қарсы институттың 28 жастағы қызметкері қайтыс болғаннан кейін 197 адам медициналық бақылауға алынды.
Сондай-ақ жағдай тұрақты бақылауда екені, ал инфекцияның Қазақстанға келу қаупі алдын ала төмен деп бағаланып отырғаны хабарланды.
"Ресми ақпараттың түсуіне қарай жағдай нақтыланады", - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Қазір мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр. Министрлік мәліметінше, дене қызуы көтерілген, ауру белгілері бар немесе аса қауіпті инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген жолаушылар әзірге анықталған жоқ.
Сапардан қайтқан соң бойынан ауру белгілерін байқаған қазақстандықтарға мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгіну және дәрігерге қайда болғаны мен қашан оралғаны туралы хабарлау ұсынылады.
28 жастағы әйелдің өлімі туралы не белгілі?2 қазанға қараған түні Шелехов аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде 28 жастағы Дарья Шипилова қайтыс болды. Ол Иркутск обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген және қауіпті патогендерді зерттеумен кәсіби түрде айналысқан.
Ресейлік мамандар оның инфекцияны қалай жұқтыруы мүмкін екенін анықтап жатыр.
"Люди Байкала" басылымының мәліметінше, 25 қыркүйекте зертханада тірі биоматериалмен жұмыс істеу кезінде ол байқаусызда ішінде Yersinia pestis - оба қоздырғышы бар пробирканы сындырып алған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Осыдан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Ол Шелехов аудандық ауруханасына жатқызылды.
Бастапқыда зертханадағы оқиғадан хабарсыз болған дәрігерлер коронавирус инфекциясының ауыр түрі деп болжаған, деп жазады Euronews. Кейін науқастың жағдайы тез нашарлай бастағандықтан, дәрігерлер аса қауіпті инфекцияларға экспресс-тест жүргізді.
Әйел өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Обаға қарсы институт қызметкері неден қайтыс болды?Қазір Иркутск облысы мен Ресейдің өзге де аймақтарының тұрғындары өкпе обасының өршуі мүмкін деген қауесетке алаңдаулы.
4 қазанда Роспотребнадзор "АиФ-Иркутск" басылымына Иркутск облысында, Иркутск және Шелехов қалаларында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. Сонымен қатар өңірде оба ауруы тіркелген жоқ.
Ведомствомәліметінше, әйелдің өліміне "этиологиясы анықталмаған пневмония" себеп болған.
Ресейлік мамандар эпидемиологиялық зерттеуді жалғастырып жатыр. Олар инфекцияның көзі мен жұқтыру жағдайларын анықтап жатыр.
Оқиғаға байланысты қайтыс болған әйелмен байланыста болуы мүмкін 197 адам медициналық бақылауға алынды.
Қолда бар мәліметтер бойынша, олардан ауру белгілері анықталмаған, ал зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс болды.
Шелехов аудандық ауруханасында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Таиландтағы "егеуқұйрық безгегіне" қатысты жағдай туралы хабарлаған болатын. Елдегі нөсер мен су тасқыны салдарынан лептоспироз инфекциясының таралу қаупі артты. Соңғы мәліметтер бойынша, онда 3 303 сырқаттану жағдайы тіркеліп, 46 адам қайтыс болды. Ауырғандардың арасында қазақстандықтар бар ма, инфекция туристер үшін қаншалықты қауіпті және оның Қазақстанға келу қаупі бар ма - толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу