Қазақстан дипломаттары одақтастық қатынасты дамытуға зор үлес қосып отыр Лавров

02.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. 2 шілдеде Қазақстанда Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді.

Мереке 2009 жылы республика президентінің жарлығымен бекітілген. Дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шетелдегі мекемелер және ведомстволық бағынысты ұйымдар кіреді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптестерін мерекемен құттықтады. Ол Қазақстан СІМ қызметкерлері үш онжылдықтан астам уақыт бойы мемлекет мүддесін кәсіби түрде қорғап келе жатқанын атап өтті.

"Олар Еуразия құрлығында және жалпы әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі біздің елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Қазақстандық әріптестердің күш-жігері алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы ынтымақтастықты, достық пен тату көршілікті нығайтуда ерекше маңызға ие болады деп сенемін", – деп жазды Лавров.

Сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин де сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевқа құттықтау жолдады.

"Құрметті Ермек Беделбайұлы! Бүгінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы елдің ұлттық мүдделерін ілгерілету және қорғау бойынша көпқырлы міндеттерді табысты атқарып отыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген бұл бағыт Қазақстанға халықаралық аренада лайықты бедел әкеліп отыр", – деді елші.

Оның айтуынша, ведомствоның жұмысы жоғары кәсібилігімен және заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап таба білуімен ерекшеленеді.

Бородавкин сондай-ақ Ермек Көшербаевтың Қазақстан-Ресей жан-жақты стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар елші екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың БҰҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар аясында әрі қарай да қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью