Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жоғары оқу орындарының дипломы Азия елдерінде мойындалады. Парламент ратификациялаған құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Токио конвенциясы академиялық ұтқырлықты жеңілдетуге, Азия елдеріндегі диплом мен кәсіби қызметті мойындауға бағытталған.
Құжат Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапурды қоса алғанда қатысушы елдерде алынған біліктілікті, жоғары білімді әділ және ашық мойындауды көздейді.
Нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері оқуын оңай жалғастыра алады немесе шетелде, ал шетелдік мамандар Қазақстанда жұмыс істей алады.