Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
БҰҰ бөлімшесі жариялаған World Happiness Report баяндамасының нұсқасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Tengri Life.
БҰҰ бөлімшесі жариялаған World Happiness Report баяндамасының нұсқасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Tengri Life.
Биыл Қазақстан (147 елдің ішінде) 33-орынға тұрақтады, ал бір жыл бұрын 43-сатыда болатын.
Қазақстан ТМД елдері арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Бақыт рейтингінде бізден кейінгі орындарға мына мемлекеттер жайғасқан: Өзбекстан (53-орын), Қырғызстан (66), Молдова (77), Ресей (79), Тәжікстан (88), Армения (89) және Әзербайжан (102). Украина 111-орынды, Литва 28-орынды, Латвия 48-орынды, ал Эстония 46-орынды иеленді.
Финляндия тоғызыншы рет әлемдегі ең бақытты ел деп танылды. Одан кейін Исландия, Дания, Коста-Рика және Швеция тұр. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Норвегия, Нидерланды, Израиль, Люксембург және Швейцария кірді. АҚШ 23-орынға табан тіреді.
Ауғанстан бір жыл бұрынғыдай ең бақытсыз ел ретінде танылды. Тізімнің соңында Сьерра-Леоне, Малави, Зимбабве, Ботсвана, Йемен және Ливан да бар.
World Happiness Report рейтингі жыл сайын 20 наурызда атап өтілетін Халықаралық бақыт күніне орай жарияланады. Баяндаманы Оксфорд университетінің Әл-ауқатты зерттеу орталығы Гэллап институтымен және БҰҰ-мен серіктесе отырып, халықтың өмір сапасы туралы сауалнамалар негізінде дайындайды.
Зерттеу 140 ел мен аумақтан жиналған 100 мыңға жуық адамның жауабына негізделген. Респонденттерден "Кантрил сатысы" тестінің (он сатылы шкала, мұндағы 10 – ең жақсы өмір, ал 0 – ең нашар өмір) көмегімен өздерінің өмірге қанағаттану деңгейін бағалау сұралады.
Бұдан бөлек, рейтингті құрушылар жан басына шаққандағы ЖІӨ, еркіндік деңгейі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау және болжамды өмір сүру ұзақтығы сияқты факторларды да ескереді.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться