Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасында Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЭЕК) жариялаған мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Сауда және интеграция министрлігі (архив)
ЕЭК дерегіне сүйенсек, 2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,6% болған. Осылайша, Қазақстан одақ елдері арасындағы ең жоғары өсім көрсеткен мемлекеттердің бірі атанды. Көш басында өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға өскен Қырғызстан тұр.
Жыл қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 4,7%-ға, Ресейде 1,3%-ға өскен. Ал ЕАЭО кеңістігінде өндіріс көлемі төмендеген жалғыз ел – Беларусь. Ондағы көрсеткіш 1,8%-ға азайған.
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
Комиссия 2025 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштерді де ұсынды. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға артқан. Ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда өсім 10,4% болған.
Жалпы ЕАЭО бойынша желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісі бір жыл ішінде 3,9%-ға ұлғайған. Бұл кезеңде ең жоғары өсім Арменияда тіркеліп, көрсеткіш бірден 38,6%-ға жеткен. Қырғызстанда өсім 10,4%, Қазақстанда 8,1%, Ресейде 3,7% болған. Беларусьта, керісінше, өндіріс көлемі 2,9%-ға төмендеген.
Есепте 2024 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда жалпы 5%-ға өскені айтылған. Сол жылы Қазақстанда да оң динамика сақталып, өсім 2,8% болған.
ЕЭК жариялаған статистикалық мәліметтердің алдын ала екені және кейін нақтылануы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ комиссия Ресейдің 2024-2025 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісі статистикасын нақтылауына байланысты ЕАЭО бойынша деректердің қайта есептелгенін хабарлады.
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Соңғы жаңалықтар
Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:51
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Бүгін, 17:37
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Бүгін, 17:35
Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады
Оқиға • Бүгін, 17:20
Қостанай облысында 2 адамның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 16:35
15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 16:12
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Энергетика • Бүгін, 16:07
Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:50
Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:42
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
Әлем • Бүгін, 15:31
Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
Тағзым • Бүгін, 15:27
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Қоғам • Бүгін, 15:20
Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді
Экономика • Бүгін, 15:17
Министр: Елімізде интернет жылдамдығы 75 пайызға артты
Технология • Бүгін, 14:59