Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерінен елге импортталатын кейбір тауарға ең төменгі бағаларды белгіледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті ең төменгі баға деңгейі қолданылатын 36 тауардың тізімін жариялады. Бұл 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап немесе 1 сәуірден 30 маусымға дейін күшіне енеді.
Ең төменгі баға деңгейі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Бұл кейбір тауарлардың маусымдық бағасына және импорттық бағалардың құбылмалылығына байланысты қажет.
Тізімге жұмыртқа, ұн, шұжық, тыңайтқыштар, жемістер, көкөністер және басқа да тауарлар кірді. Мысалы, картоптың ең төменгі бағасы 90 теңге, банандыкі - 403 теңге, антифриздыкі - 322 теңге және тағы сол секілді болуы керек.
Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.