Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 29-орыннан 24-орынға көтеріліп, әлемнің үздік 25 елінің қатарына кірді. Сонымен қатар ел классикалық цифрлық мемлекеттік қызметтерден жасанды интеллект пен проактивті сервистерді пайдалануға көшіп жатыр. Бұл туралы Астанада өткен "Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға" атты National Think Tank Forum қатысушылары айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан БҰҰ рейтингінде жоғарылады
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 29-орыннан 24-орынға көтерілгенін хабарлады.
Катаржина Вавьерниа. Фото: kisi.kz
Бұдан бөлек, Қазақстан БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік 10 елдің қатарына кіреді және ТМД елдері арасында бірінші орында тұр.
Миллиондаған қазақстандық eGov қызметін пайдаланадыQ.AI бас директоры Дмитрий Мунның айтуынша, Қазақстан GovTech жетілу индексі бойынша Дүниежүзілік банктің "А" санатына ие болды. Бүгінде eGov мобильді қосымшасы 1,3 мыңға жуық қызмет түрін ұсынады, оларды ай сайын шамамен 7 миллион адам пайдаланады. Азаматтарға 40 цифрлық құжат қолжетімді.
Дмитрий Мун. Фото: kisi.kz
2025 жылы шамамен 26 миллион электрондық цифрлық қолтаңба берілді.
Кәсіпкерлер үшін 35 қызмет түрі бар eGov Business жұмыс істейді. Сервисті 90 мыңға жуық адам пайдаланады.
Сонымен қатар цифрлық сервистер жаңа кезеңге - азаматтардың мемлекетпен жасанды интеллект арқылы өзара іс-қимыл жасау деңгейіне өте бастады. Дмитрий Мун eGov AI жүйесі 850 мыңға жуық пайдаланушыға қызмет көрсетіп, 2 миллионнан астам өтінішті өңдегенін атап өтті.
ЖИ қазірдің мемлекеттік органда қолданылады"Келесі қадам - классикалық цифрлық сервистерден мемлекетпен жасанды интеллект арқылы байланыс орнатуға көшу", - деді ол.
Сондай-ақ Дмитрий Мун жасанды интеллект қазірдің өзінде 16 мемлекеттік органда қолданылатынын айтты. ЖИ технологиялары азаматтардың 1,2 миллионнан астам өтінішін өңдеуде пайдаланылды.
Мамандандырылған сервистер де дамып келеді: eNotary арқылы бір жыл ішінде 819 мыңға жуық нотариалды іс-қимыл онлайн жүргізілді, Qazaq Law 130 мыңнан астам заңгерлік кеңес берді, ал ЖИ-терапевт 38 клиникада пилоттық сынақтан өтті.
Ұлттық жасанды интеллект платформасы 120-дан астам мемлекеттік деректер базасын біріктіреді. Онда 50-ден астам AI-агент жұмыс істейді, ал ел бойынша азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған 308 ЖИ-агент дамытылып жатыр.
ЖИ-мен жұмыс істеу үшін елде есептеу қуаты арттырылып жатыр. 512 NVIDIA H200 GPU графикалық процессоры бар Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдік ТОП-500 рейтингінде 86-орынды иеленді.
Сондай-ақ Қазақстан KAZLLM, Sherkala және AlemLLM сияқты жеке тілдік модельдерін дамытып жатыр. 1 миллионнан астам қазақстандық жасанды интеллектпен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті, олардың ішінде 670 мың студент пен 300 мың педагог бар.
Еске сала кетейік, "Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға" атты National Think Tank Forum-ын Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Тағы оқыңыз: Қазақстан медицинасы онлайнға көшіп жатыр: емделушілерге енді не қолжетімді?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу