Қазақстан экономикасы шикізаттық емес салалардың тұрақты дамуы есебінен 4,1% ға өсті

13.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өсудің негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сектор болып қала береді. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша оның өсуі 5%-дан асады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің 8,4%-ға төмендеуіне қарамастан, экономиканың нақты секторы 5,1%-ға, қызмет көрсету саласы 3,5%-ға өсті.

Экономика шикізатқа жатпайтын сала есебінен өсуді жалғастыруда. ЖІӨ өсімінің 80%-дан астамын дамудың ең жоғары қарқынын сақтайтын өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және көлік қамтамасыз етті.

Өткен жылы елімізде ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Құрылыс өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып қала береді. Бірінші жартыжылдықта орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға ұлғайды. 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7%-ға артық.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,8%-ға өсті. Алты айдың қорытындысы бойынша шығарылған өнім көлемі 16,2 трлн теңгеге жетті. Бұл тау-кен өндіру саласының көрсеткішінен жоғары. Шамамен 15,9 трлн теңге.

Өңдеу өнеркәсібінің 40% - дан астамын құрайтын металлургиядағы өндірістің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, өңдеу секторының өсуін басқа өндірістер қамтамасыз етті. Дайын металл бұйымдарын шығару 39,9%-ға, автомобильдер 31,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер 43,6%-ға, химиялық өнімдер 20,7%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 21,8%-ға, құрылыс материалдары 14,1%-ға, тамақ өнімдері 14,7%-ға ұлғайды.

Халықаралық БАҚ: Жаһандық экономикалық өсім баяулап жатқан кезде Қазақстан орнықты дамуды сақтап отыр

Экономиканың басқа салаларында да оң динамика сақталуда. Сауда көлемі 5,7%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға, байланыс қызметі 4,3%-ға өсті.

Көлік-логистика саласы 7,1%-ға өсті. Өсім қосалқы көлік қызметінің 14%-ға артуымен, темір жол жүк тасымалы көлемінің 4,9% - ға және автомобиль жүк тасымалы көлемінің 11,4% - ға ұлғаюымен қамтамасыз етілген.

Олжас Бектенов: «Самұрық-Қазына» қоры барлық күш-жігерін Президенттің экономикалық өсім бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыруға жұмылдыруы керек

Жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,6%-ға өсті. Ең елеулі өсім ақпарат және байланыс саласында. Ол 2,3 есеге, электрмен жабдықтау 61,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі 33,3%-ға, ауыл шаруашылығы 24,6%-ға және көлік 11,6%-ға байқалды.

Осылайша, шикізатқа жатпайтын салалардың қарқынды дамуы мен жоғары инвестициялық белсенділік Қазақстанның экономикалық өсуінің тұрақты негізін қалыптастыруды жалғастыруда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью