Қазақстан экономикасына салынған Қытай инвестициясының көлемі 29 млрд доллардан асты

26.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан экономикасына салынған қытайлық инвестициялардың жиынтық көлемі 29 миллиард доллардан асты. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесінде айтты.

© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады

© Пресс-служба президента Казахстана

Тоқаев Қытай әрдайым Қазақстанға қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

"2025 жыл екіжақты қарым-қатынасымыздағы тарихи әрі теңдессіз кезең болды. Өзара сапарлар сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге мықты серпін берді. Маңызды жетістіктеріміздің бірі – өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге, яғни, 49 миллиард долларға жетті. Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі инвесторларының тобына кіреді. Қытайлық инвестициялардың жиынтық көлемі 29 миллиард доллардан асты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша Қазақстанның және Қытайдың халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ұстанымдары ұқсас немесе бірдей.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге үлес қосқаны үшін Чжао Лэцзиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью