Қазақстан елшісі Корея Республикасы президентіне сенім грамоталарын тапсырды

23.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асет Исенали Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараптар достық пен өзара қолдауға негізделген қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілік расталды.

Президент Ли Чжэ Мён Елші А.Исеналиді дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және екі ел арасындағы достық қатынастар мен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью