Қазақстан еңбексүйгіш азаматтар елі, Әділет, Заң және Тәртіп аумағы болуы керек Президент …
Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Бізге ұлттық мүдде туралы тек ұранмен сөйлейтіндер, Отанға деген сүйіспеншілікті саясат үшін пайдаланып, жеке пайда табуға тырысатын адамдардың қажеті жоқ.
Жауапты және жасампаз патриотизм — әр азаматтың әр салада, зауыттар мен ауыл шаруашылығында, медицина мекемелерінде, мектептер мен университеттерде, ғылыми зертханаларда, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларда адал, қажырлы, кәсіби еңбек етуі.
Сондай-ақ бұл әскери қызметте немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Отанға адал болу, — деді Президент.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан еңбексүйгіш азаматтар елі, Әділет, Заң және Тәртіп орнаған аумақ болуы керегін жеткізді.
— Жасампаз еңбек пен заң пәрмені жоғары мәдени дәстүрлермен үйлесіп отыруы да маңызды.
Себебі көптеген елде бұл қағидалар табыс пен әл-ауқат формуласына айналған.
Осындай негізгі өмірлік қағидалар мен моральдық бағдарлар отбасы мен мектепте қалыптасады.
Читать полностью
Читать новость