Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Оның айтуынша, көлік тораптарының тоғысында орналасқан Қазақстан әрдайым Шығыс пен Батысты байланыстыратын сенімді буын болып келеді.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform– Біз Қытайдың шығыс жағалауынан Еуропаға дейінгі тиімді логистикалық тік жүйені қалыптастырып жатырмыз. Оның ішінде Кавказ елдері арқылы Оңтүстік Еуропаға өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты бар. «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясында инфрақұрылымдық жоспарларымызды көршілермен үйлестіріп, қуатты синергетикалық әсерге қол жеткізіп отырмыз. Үздіксіз логистиканы қамтамасыз ету үшін сыртқы терминалдар желісін кезең-кезеңімен кеңейтудеміз, – деді Талғат Алдыбергенов.
ҚТЖ басшысының дерегінше, 2014 жылдан бері мынадай Қазақстан-Қытай жобалары жүзеге асырылды:
• Ляньюньган порты – онда Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін жүктер шоғырландырылады;
• Қорғас – Шығыс қақпасы құрғақ порты (Алтынкөл станциясы) – Қытаймен шекарадағы ең ірі логистикалық хаб;
• Сиань құрғақ порты – Еуропа бағытына жөнелтілетін контейнерлік пойыздардың шамамен 40 пайызы осы жерде жасақталады.
Осы инфрақұрылымдардың арқасында Сиань – Поти бағыты бойынша жеткізу мерзімі рекордтық 15-18 тәулікке дейін қысқарды. Келесі мақсат – бұл көрсеткішті 10–12 күнге дейін төмендету. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлескен жобалар да жүзеге асырылып жатыр.
– Табысты мысал ретінде Бірлескен көлік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы жобасын айтуға болады. Бұл – географиядан синергияның басым түскенінің айқын дәлелі. Соның арқасында Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа бағыт қалыптасты. Қазір бұл тек маршрут емес, әлемдік эталон: жол жүру уақыты 12–14 тәулік. 12 жыл ішінде тасымал көлемі алғашқы жылмен салыстырғанда 100 еседен астам өсті, – деді ҚТЖ басшысы.
Сонымен қатар ол Еуропа мен Кавказдағы теңіз порттарында терминалдық қуаттарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
– Біздің мақсатымыз – тек активтерге иелік ету емес, Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарын байланыстыратын бірыңғай көлік қаңқасын қалыптастыру, – деп атап өтті Талғат Алдыбергенов.
Айта кетейік, еліміз 2023 жылға қарай транзт көлемін жылына 100 млн тонна жеткізуді жоспарлап отыр.