Қазақстан фармакомпаниялар үшін өңірлік хаб болуға ниетті

17.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ол клиникаға дейінгі зерттеулердің толық циклін жүргізуге мүмкіндік беріп, елімізді биомедицина саласында жаңа деңгейге көтермек.

Сондай-ақ жаңа ғылыми нысан бұрын препараттарды шетелде сынақтан өткізіп келген дәрі-дәрмек өндірушілер мен халықаралық инвестицияларды елімізге тартуға мүмкіндік береді.

— Ғылыми биотехнологиялық орталық пен виварийді құру — Қазақстанды ірі ғылыми, медициналық, фармакологиялық орталық ретінде таныту үшін өте маңызды қадам. Бұл біздің аймақтағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін алғашқы орталық. Енді Қазақстанның ірі фармакомпанияларды тартуға және елімізді клиникалық, клиникаға дейінгі сынақтардың үлкен орталығы ретінде ұсынуға бірегей мүмкіндігі бар, — деп атап өтті министр.

Осыған дейін қазақстандық ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью