Қазақстан Франциямен заңсыз мигранттарды қайтару тетігін бекітті

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Франциядағы Қазақстан азаматтары әкімшілік санкциясыз қайтарылады.

Бүгін жоғарғы палата Қазақстан Үкіметі мен Француз Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Құжат қос ел арасындағы көші-қон қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Мұнымен қоса, адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу кезінде құқыттық, әкімшілік, рәсімдік шаралардың нақты тәртібін белгілейді. Бастама аясында тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құзыретті орган ретінде Қазақстан мен Франция тараптарынан олардың Ішкі істер министрліктері белгіленеді. Жалпы бүгінге дейін Қазақстан реадмиссиялау туралы келісімдерді 20-ға жуық елмен жасаған. Бұл қатарда Өзбекстан, Ресей, Германия, Швейцария, Польша, Чехия тағы басқа мемлекеттер бар.

Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Келісім толық шарттарын бұзған немесе заңсыз кірген адамдарды өз елдеріне қайтаруды көздейді. Қиын жағдайға тап болған адамдарға да қолданылады. Қайтарылған азаматтарға әкімшілік айыппұл немесе мемлекеттен шығару сынды санкциялар қолданбайды. Бұл ретте осы елдің өкілетті органдары азаматтың еліне қайтуда көмек көрсететін болады. Келісім халықаралық тәжірибені ескере отырып жасалған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью