Қазақстан футбол федерациясы FIFA Series турнирі жайлы ақпарат жариялады

14.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жоба – әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы құрамаларды бір алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық жарыс. Турнирдің басты ерекшелігі – командалардың басқа конфедерация өкілдерімен ойнауына жағдай жасау.

FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта ұйымдастырылды. Сол тәжірибеден кейін жоба толыққанды халықаралық турнир ретінде дамытылып, 2026 жылдан бастап кеңейтілген форматта өтеді. Басты жаңалық – енді бұл турнирге ерлер құрамаларымен қатар әйелдер ұлттық командалары да қатысады.

Турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Биылғы турнир матчтары бірнеше елде өтеді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Сонымен бірге Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдаушы елдер ретінде таңдалды. Әйелдер құрамаларының матчтары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

FIFA Series аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өзге құрлықтағы командалармен ойнап, жаңа тәжірибе жинайды. Мұндай матчтар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және ұлттық құраманың ойын тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

FIFA Series турнирі 25-28 наурыз күндері Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жарыс «төрттік финал» форматында ұйымдастырылады. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды. Екінші ойында Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады. Отандастарымыз FIFA Series халықаралық жолдастық турнирінде Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді. Алдымен 25 наурыз күні 15:00-де «Астана Аренада» Комор аралдарына қарсы ойнайды.

Алғашқы ойынның нәтижесіне байланысты 28 наурыз күні Кувейт/Намибия құрамалырының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью