Қазақстан футболының ардагері өмірден өтті

24.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: "Қайрат" ФК

Сергей Рожков «Қайрат» сапында 1966–1967, 1970–1973, 1975–1976 жылдары өнер көрсетті. Ол алматылық клуб құрамында 203 матч өткізіп, 25 гол соқты, команданың капитаны болып, өз дәуірінің ең жарқын футболшыларының бірі атанды.

Белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

Ол 1971 жылы «Қайратпен» бірге Халықаралық теміржолшылар спорт одағы кубогының иегері атанды. Сергей Рожков — КСРО спорт шебері, 1969 жылғы КСРО чемпионы, КСРО кубогының екі дүркін иегері, сондай-ақ КСРО құрамасы сапында бір матч өткізген.

«Сергей Егорович клубымыз бен Қазақстан футболы тарихында өшпес із қалдырды. «Қайрат» ФК Сергей Егоровичтің туған-туыстары мен жақындарына, достарына, бұрынғы командаластарына, оны таныған барша жанға көңіл айтады», деп жазды «Қайрат» ФК баспасөз қызметі.

Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью