Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бонн қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Волонтерлер бағдарламасы аясында Азия елдері серіктестерінің дөңгелек үстелі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шараға өңір мемлекеттерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы жиналды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысып, елде жүзеге асырылып жатқан волонтерлік қозғалысты қолдау шараларын таныстырды.
Жиын барысында волонтерлік қозғалысты дамыту, азаматтарды қоғамдық бастамаларға кеңінен тарту және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесін жоғары бағалап, елдің волонтерлікті дамыту ісінде алдыңғы қатарда келе жатқанын атап өтті.
Кездесуде Қазақстан Волонтерліктің жаһандық индексін енгізуге қатысатын пилот елдердің бірі болатыны айтылды. Бұл бастама волонтерлік қызметтің қоғам дамуына қосқан үлесін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беріп, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.