Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға өсті.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты — 2 146 739 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 466 адамға азайған) және Алматыда — 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға өскен).
Тұрғындар саны 1 миллионнан асатын өңірлер:
Астана — 1 655 369 адам; Алматы облысы — 1 603 496 адам; Шымкент — 1 300 357 адам; Жамбыл облысы — 1 214 965 адам; Қарағанды облысы — 1 131 613 адам.Ең аз қоныстанған өңірлер:
Ұлытау облысы — 218 596 адам; Солтүстік Қазақстан облысы — 513 386 адам; Абай облысы — 594 766 адам.2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалаларда 13 120 922 қазақстандық (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда — 7 411 318 қазақстандық (3 394 адамға азайған) тұрады.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткенін хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться