Қазақстан Халық Кеңесі билік пен халықтың өзара іс қимылының жаңа алаңына айналады

20.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Парламент екінші оқылымда Конституция нормаларын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Құжат халықтың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қоғамның қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған жаңа институтты бекітеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Gov.kz

Заң Қазақстан Халық Кеңесінің Жоғары Конституциялық консультативтік орган ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайды. Ұсынылған институт келісілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу алаңы ретінде әрекет етеді.

Қазақстан Халық Кеңесіне ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеру, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі. Сонымен қатар, оған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру және өткізу функциясы жүктеліп отыр.

Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы заңды мақұлдады

Қоғамның негізгі топтары – этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың және коммерциялық емес сектордың, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің теңгерімді өкілдігі көзделеді, әрқайсынан 42 адамнан болады. Оларға қойылатын талаптар, құқықтары мен міндеттері бөлек реттеледі.

Сонымен қатар заң бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің нақты ұйымдастырушылық моделі қалыптасады. Негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайтын Сессия оның жоғарғы органы болады. Жекелеген нақты бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру көзделіп отыр. Ал жұмысты ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыда қолдауды мемлекеттік орган ретінде құрылатын Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Халық Кеңесі» мүшелерінің өкілеттік мерзімі 4 жыл болады

Соңғы жаңалықтар

Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады

Парламент • Бүгін, 10:50

Алтын Орда: Ұлы дала өркениетінің алтын арқауы

Саясат • Бүгін, 10:44

Құрылтайдың өкілеттігі мен депутат мәртебесі заңмен бекітілді

Парламент • Бүгін, 10:37

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Оқиға • Бүгін, 10:32

Mango брендінің негізін қалаушының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Әлем • Бүгін, 10:30

Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады

Парламент • Бүгін, 10:28

Барлыбай Садықов: Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек

Саясат • Бүгін, 10:20

Мұнай нарығындағы құбылыс: Әлемдік геосаяси жағдай отандық жанармай бағасына әсер ете ме?

Экономика • Бүгін, 10:08

Пластик терезе салған: Түпқараған ауданында тарихи-мәдени мұра нысанын бүлдірген тұлға іздестіріліп жатыр

Оқиға • Бүгін, 10:02

Алматыда Beu Fest фестивалі өтеді

Қоғам • Бүгін, 09:56

«Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды

Футбол • Бүгін, 09:52

7 провинцияны шарпыды: Қытайдағы жойқын су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:47

Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады

Денсаулық • Бүгін, 09:35

Ұлыбритания Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдетті

Әлем • Бүгін, 09:31

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью