Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жауап қарапайым болды: дауласпау, керісінше, нақты іспен көрсету. Осылайша партия өкілдері қазіргі заманда даңғаза ұранға емес, адамдармен түсінікті тілде сөйлесе білу маңызды екенін дәлелдеді.
Акцияның атрибуттары – үгіт кеудешелері, кепкалар, шарфтар мен футболкалар басты назарда болды. Жалықтыратын үгіт-насихаттың орнына – сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Кәсіби стилистер қарапайым киімдерді заманауи әрі сәнді образдарға айналдырып, партиялық мерч тартымды бола алатынын көрсетті.
Қазақстан Халық партиясының кеудешесі оверсайз үлгісіндегі пиджакпен үйлесіп, Business Casual стиліндегі сенімді, заманауи әрі бейресми образға айналды. Ал Sport Chic стиліндегі футболкалар мен кепкалар кеңседе емес, халықпен бірге жұмыс істейтін жандарға арналған серпінді образды құрады.
– Бізді өткен кезеңнің партиясы деп көрсетуге тырысады. Біз бұған сөзбен емес, іспен жауап беруді жөн көрдік. Еңбек адамын қорғау, әлеуметтік әділеттілік және тең мүмкіндік ешқашан сәннен шықпайды. Керісінше, бұл – уақыт өткен сайын маңызы арта түсетін құндылық, – деді акцияны ұйымдастырушылар.
Іс-шараның шарықтау шегі – сән көрсетілімі болды. Онда басты тренд бренд емес, идея болды: қазақстандық социализм, еңбек адамын қорғау, әлеуметтік әділеттілік және баршаға тең мүмкіндік.
Сән көрсетілімі аяқталған соң қатысушылар үйлеріне тараған жоқ. Олар Қазақстан Халық партиясының кандидаттарымен бірге қала көшелеріне шығып, тұрғындармен жүздесіп, үгіт-насихат материалдарын таратты. Ерекше формат бірден қала тұрғындарының назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Бүгінде еңбек адамының жағында болу – сән саналады. Әлеуметтік әділеттілік үшін күресу де – сән. Уәдеге берік болу да – сән. Қазақстан Халық партиясы – әрқашан трендте!