Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Семей қаласының теміржол вокзалы алаңында Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар көлік саласының қызметкерлерімен кездесті. Орналасқан жерді таңдау символдық мәнге ие болды. Себебі дәл осы жерде күн сайын еліміздегі көлік жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін адамдардың жұмысы басталады.
Кездесуге партия төрағасының орынбасары Қалел Мақсұтов, республикалық штаб мүшесі Виктор Поднебесный, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Орынбасар Исабаев қатысты. Іс-шара еңбек ұжымының 60-тан астам өкілінің басын біріктірді. Олардың қатарында басшылық құрам, инженерлер, бригадирлер, бөлім басшылары және жұмысшылар болды. Жиында көлік кәсіпорнында шамамен 5000 адам жұмыс істейтіні атап өтілді.
Диалог барысында партия өкілдері машинистер, жолсеріктер, диспетчерлер, станция қызметкерлері, жүргізушілер және басқа да көлік саласының мамандары экономиканың тұрақтылығына негіз болып отырғанына тоқталды. Олардың көбінесе артық жұмыс істейтіні, жалақыларының мардымсыз екені және жоғары кәсіби тәуекелмен бетпе-бет келетіні тилге тиек болды.
Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізінде еңбек адамы, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және әлеуметтік қорғалуы тұратын әділ қоғам қалыптастырудың идеологиялық негізі ретінде «Адал Азамат» тұжырымдамасы тұруы тиіс екеніне назар аударды.
Кездесу барысында ұсынылған бастамалардың қатарында ең төменгі жалақыны инфляция деңгейі мен Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын ескере отырып, нақты күнкөріс минимумына теңестіру, өңірлер мен салалар бойынша жұмыс істейтін кедейлік деңгейіне жыл сайын бағалау жүргізу, үстеме жұмыс, түнгі ауысымдар мен зиянды еңбек жағдайындағы еңбекақы төлеуге бақылауды күшейту, өндірістегі жарақаттану туралы деректердің ашықтығын арттыру, сондай-ақ цифрлық кәсіподақтарды қоса алғанда, кәсіподақ қозғалысының заманауи үлгілерін дамыту бастамалары айтылды.
Егде жастағы жұмыскерлерді қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан Халық партиясы зейнет жасына жақындаған және зейнет жасындағы азаматтарға жаңа дағдыларды меңгеруге әрі еңбек нарығында сұранысқа ие болып қалуға мүмкіндік беретін «Күміс университет» бағдарламасын енгізуді ұсынады.
Кездесудің екінші бөлігінде партия өкілдері «Ақ жол» партиясының бағдарламасындағы жекелеген мәселелерге баға берді. Экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық жауапкершіліктен шығару саласындағы бірқатар бастамалар қосымша пысықтауды қажет ететіні және қолданыстағы заңнама нормаларын толық көлемде ескермейтіні атап өтілді. Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің пікірінше, мемлекеттік саясаттың басты басымдығы еңбек адамының мүддесін қорғау және әділетті еңбек қатынасын қамтамасыз ету болып қала беруі тиіс.
Кездесу соңында кандидаттар Қазақстан Халық партиясы ел аумағындағы еңбек ұжымдарымен тікелей диалогты жалғастыратынын атап өтті. Мұндай кездесу еңбеккерлердің нақты мәселелерін анықтап қана қоймай, әлеуметтік әділеттілік, лайықты еңбек және еңбек адамына құрмет қағидаттарына негізделген нақты шешім әзірлеуге мүмкіндік береді.