Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде «Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты» тақырыбында жаңа Конституция жобасын сараптамалық талқылау өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау аясында ұйымдастырылып, әлеуметтік әділеттіліктің конституциялық құрылымның іргелі қағидаттарының бірі ретіндегі рөлін пайымдауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа Ата заңдағы әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктер туралы заңгер Азамат Рамазан сөз қозғады. Оның айтуынша, бұған дейін шикізаттық ресурстарға бағдарланған қазақстандық экономикалық модель енді білімге, интеллектке және адами капиталды дамытуға бағытталған үлгіге көшіп жатыр. Сондай-ақ азаматтардың еңбек ету құқығын қорғауға басымдық берілгенін атап өтті.
«Елдің басты байлығы ретінде жоғары зияткерлік және кәсіби деңгейі бар азаматтар қарастырылады», деді Азамат Рамазан.
Қазақстан Халық партиясының белсендісі, жобалық компанияның жетекшісі Найля Аппасова экологиялық әділеттілік пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселесіне назар аударды. Ол ҚХП бастамашы болған Конституция нормасын еске салды. Аталған нормаға сәйкес, жер қойнауы, су, пайдалы қазбалар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі халыққа тиесілі. Ал мемлекет бұл ресурстарды тек басқаруды жүзеге асырады.
«Қолайлы қоршаған ортаға құқық адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Яғни экологиялық ахуалды сақтау әлеуметтік мәселелермен тікелей байланысты», деп атап өтті Аппасова.
Саясаттанушы, «Еуразиялық мониторинг» Орталық Азия зерттеулер институтының директоры Әлібек Тәжібаев жаңа Конституция жобасын жаңа цифрлық дәуірдің құжаты деп атады. Оның айтуынша, бұл құжатта адам құқықтарын қорғау табиғи өмір сүру ортасымен шектелмей, цифрлық кеңістікке де таралады.
«Конституцияға цифрлық құқықтарды енгізу Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіне өткенін ғана көрсетпейді. Цифрлық құқықтар – біз айтып жүрген табиғи негізгі бостандықтардың жалғасы», деді Әлібек Тәжібаев.
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Кездесуді қорытындылаған іс-шара модераторы, сарапшы Сұлтанбек Құдабай әлеуметтік әділеттілік адам мен азаматтың өмір сүруінің барлық саласына әуел бастан таралуы тиіс екенін атап өтті.
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Соңғы жаңалықтар
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25