Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Айта кетейік, палата отырысында «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен инвестициялар кепілдігінің Көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданған еді.
Осы орайда депутат Әбутәліп Мүтәлі Дүниежүзілік банк тобына 5 қаржы институты кіретініне, ал бүгін қаралып отырған келісім аясында олардың үшеуімен ғана келісім жасалатынына назар аударды.
- Халықаралық даму қауымдастығы мен Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық келісімнен тыс қалып отыр. Бұл ретте келісімнің 3-бап 4-тармағы Дүниежүзілік банк тобының кез келген субъектісінің консультациялық қызметтерді жүзеге асыруын көздейді, - деді депутат.
Сондықтан ол вице-премьерден негіздемелік келісім Дүниежүзілік банк тобының барлық институтымен неге жасалмайтынын сұрады.
- Біріншіден, Халықаралық даму қауымдастығы тек кедей елдермен жұмыс істейді. Қазақстан ондай елдерге жатпайды. Қазіргі уақытта деңгейі орташадан жоғары елдердің қатарындамыз. Сол себепті онымен жұмыс істеудің қажеті жоқ, - деді вице-премьер.
Оның мәліметінше, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық қазіргі уақытта Қазақстанда инвестициялық қызмет жүргізбейді.
- Сол себепті негіздемелік келісімге қосудың қажеті жоқ, - деді Серік Жұманғарин.
ТМД кеңістігінде алимент бойынша сот бұйрықтарын тану тетігі енгізілетіні туралы жаздық.