Қазақстан халықаралық сауда экономикалық міндеттемелерін тұрақты орындап келеді

13.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемесіне ресми пікір білдірді.

Онда ведмоство халықаралық сауда-экономика үрдісі мен қазіргі жағдайды жіті бақылып отырғаны айтылған. Сондай-ақ Қазақстан сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келе жатыр - деді министрліктің ресми өкілі.

Тойгүл Жұбанисова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз. Осыған байланысты Министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью