Қазақстан халықаралық волонтерліктің тартылыс күшіне айналды

20.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

- Елімізде волонтерлік бағытта өткізілген іс-шаралардың тиімділігі тұрақты түрде әлеуметтанулық сауалнамалар, зерделеу жұмыстары мен өңірлердегі волонтерлік саланың дамуы бойынша мониторинг жүргізіледі. Мәселен, бұрын қабылданған волонтерлік шаралардың тиімділігін кешенді бағалау салалық даму моделіне көшу қажеттігін көрсетті. Осы талдау нәтижесінде Бірыңғай оператор (АҚҚО) арқылы гранттық қаржыландырудың тетіктері мен мазмұны түбегейлі жаңартылды. Нәтижесінде 6 ең өзекті бағыт (Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық волонтерлік, Медициналық волонтерлік, Тарихи-мәдени мұраны сақтау, Зооволонтерлік, Әлеуметтік волонтерлік) айқындалды. Мониторинг өңірлерде волонтерлікті дамытудың маңыздылығын растады. Жоба 17 облыс пен 3 мегаполисті қамтып, өңірлердегі инфрақұрылымды нығайтуға ықпал еткені анықталды,- деді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның атап өтуінше, жүргізілген бағалау нәтижелері мен табысты кейстер (шағын гранттар сияқты) 2030 жылға дейінгі волонтерлікті дамыту тұжырымдамасының негізін құрайды.

Жаңа тұжырымдама волонтерлікті макрокөрсеткіштерден нақты әлеуметтік нәтижелерге көшіруге мүмкіндік береді.

- Жалпы, Қазақстан халықаралық волонтерліктің тартылыс күшіне айналғандығын 2022, 2023 жылдары өткізілген Орталық Азия және Халықаралық волонтерлер форумдары арқылы байқауға болады. Оларға 34 шет елден 1 мыңнан астам волонтер қатысса, 2024 жылы Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің волонтерлер слеті 24 мемлекеттің делегаттарының қатысуымен өтті. Атқарылған ауқымды іс-шаралардың нәтижесінде 2024 жылы БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен алғаш рет Орталық Азиядағы волонтерлік жағдай туралы өңірлік шолу жарияланды. Оның БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұсаукесер таныстырылымында Қазақстан Орталық Азияда волонтерлікті дамыту және қолдау бойынша көшбасшы ел ретінде танылды,- деді Мәдениет министрлігі.

Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін еліміздегі волонтерліктің даму бағытын айқындайтын тұжырымдама әзірленеді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью