Қазақстан Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын СІМ

03.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін президент араб елдерінің жасалған шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Ал министрлік Ирандағы бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты көңіл айтқан.

"Қазақстан өзге елдердің ісіне араласпайды. Осындай ұстанымды ұстадық, ұстап отырмыз және ұстай береміз. Сондықтан дәл осы жағдайда Иранды да, шабуылға тап болған елдерді де, ешкімді жақтап отырған жоқпыз", - деді Бақаев үкіметтегі брифингте.

Осы орайда министрдің орынбасары Қазақстанның Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екенін де жеткізді. Бұған дейін Алматыда ондай келіссөздер болған.

"Сосын Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздердің 20-дан астам раунды өткен болатын. Соның арқасында қақтығыстың өршуіне жол берілмеді", - деді Бақаев.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью