Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын шекаралас мемлекеттер арқылы шығару ұсынылды.

"Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекарасы арқылы пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.

Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы елшілігі:

Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933

Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672

Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (WhatsApp).

Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:

+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).

Қазақстан азаматтары консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

Бұған дейін Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы жүргені хабарланған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью