Қазақстан IT экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді

10.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан IT-қызметтер экспорты бойынша стратегиялық маңызды көрсеткішке қол жеткізді. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, отандық цифрлық өнімдер мен қызметтердің экспорты 1,142 млрд долларды құрады. Бұл елдің технологиялық қызметтер бойынша таза экспорттаушыға айналғанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда IT-экспорт көлемі импортқа жұмсалған шығыннан 2,6 есе жоғары. Бұл Қазақстанның цифрлық экожүйесі тұрақты түрде дамып келе жатқанын айғақтайды.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қазақстандық IT-шешімдер әлемнің 110-нан астам елінде қолданылады. Негізгі мақсат – отандық инновацияларды жаһандық цифрлық нарыққа шығару және халықаралық қосылған құн тізбегіне интеграциялау.

«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?

Цифрлық даму саласындағы басты драйверлердің бірі – Astana Hub. Оның резидент компанияларының экспорттық табысы 633 млн долларға жеткен. Қазіргі таңда 537 компания шетел нарығында жұмыс істеп, олардың географиясы Германия, Испания, Нидерланды және БАӘ елдерін қамтиды. Экожүйеде 32,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.

Сонымен қатар e-residency жобасы арқылы 6 мыңнан астам шетелдік маман Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына қол жеткізген.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, 1 млрд долларлық межеге жету – жүйелі мемлекеттік қолдау мен экожүйелік дамудың нәтижесі.

Қазақстанның жаһандық технологиялық ықпалы халықаралық хабтар арқылы да кеңеюде. Пало-Альто, Шанхай және Дубайда инновациялық алаңдар жұмыс істейді. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты да жаңа басымдыққа айналуда.

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Президент • Бүгін, 16:08

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

Экология • Бүгін, 15:59

Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:23

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10

Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек

Президент • Бүгін, 14:51

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 14:48

Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39

Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады

Президент • Бүгін, 14:33

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президент • Бүгін, 14:20

Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі

Президент • Бүгін, 14:05

Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?

Әскер • Бүгін, 13:56

Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ

Президент • Бүгін, 13:50

Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді

Президент • Бүгін, 13:43

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Сайлау • Бүгін, 13:37

Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет

Президент • Бүгін, 13:32

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью