Қазақстан Израиль: Ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында СІМ басшылары саяси диалогтің қазіргі ахуалы мен даму келешегін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды, туризм саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тәжірибе алмасуды талқылады.

Екі ел технологиялар транс­фері мәселелері мен екі елдің салалық ведомстволары мен іскер топтары арасындағы прак­ти­калық ынтымақтастықты кеңейт­пек. Сапар аясында екі елдің сыртқы саяси ведомст­во­лары арасында саяси консуль­тациялардың 12-раунды өтті. Онда халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер сөз болды, соның ішінде Таяу Шығыс­тағы жағдайды бейбіт жол­мен шешуге жәрдемдесу тетіктері қарал­ды. Осы тұрғыда еліміздің Газа­дағы Бейбітшілік кеңесінің қыз­метіне қатысуы, сондай-ақ Ибра­һим келісімдері аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

«1992 жылдың сәуірінде дип­ломатиялық қатынастар орна­ған сәттен бастап біз өзара құрмет пен сенімге негізделген жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, саяси, эконо­микалық және мәдени салада елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Сіздің Астанаға са­пары­ңыз – серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ мүд­деміздің айқын дәлелі», деп атап өтті Е.Көшербаев израиль­дік әріп­тесімен кездесу барысында.

СІМ басшысы қазіргі кезеңдегі екіжақты ынтымақтастыққа тән диа­логтің жандануына тоқ­тала келе, бұл үдерісте екі мем­лекет­тің басшылары маңыз­ды рөл ат­қа­­ратынын атап өтті. Құқық­тық негіздің берік екеніне тоқ­тал­ған Е.Көшербаев сауда, инвес­ти­ция­лық және технологиялық ын­ты­мақтастықты кеңейту үшін жо­ғары әлеует бар екенін, сондай-ақ агротехнология­лар мен тамақ өнеркәсібі, денсау­лық сақтау, фармацевтика мен медициналық технологиялар, инфрақұрылым мен логистика, энергия тиім­ділігі мен жаңар­тылатын энергия көздері сияқты салаларда жо­ғары қосылған құны бар бірлескен жобаларды іске асыруға еліміздің мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі мен Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексі бойынша цифр­лық тех­нологиялар саласында әлем­дік көшбасшылардың қа­тарын­­да екенін атап өтіп, из­раиль­дік компанияларды бел­сенді ын­ты­мақтастыққа шақырды.

Өз кезегінде Израиль СІМ басшысы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растап, екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Саяси консультациялардың 12-раундының қорытындысы бойынша Дипломатиялық кадр­ларды даярлау мен Қоғамдық дипломатия саласындағы ынты­мақ­т­астық туралы меморандум­дар, сондай-ақ туристік алмасу­лар­­ды дамыту мақсатында ұлт­тық паспорт иелерін визалық талап­тардан босату жөніндегі еліміз­дің Үкіметі мен Израиль Үкіметі арасындағы келісімге ниеттілігі туралы меморандумға қол қойылды.

Сапар аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, B2B және B2G форматтарында кездесулер өтті. Жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы, су ресурс­тарын басқару және цифрлық технологиялар сияқты басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью