Қазақстан көрші елдерге энергетикалық тәуелділіктен қашан айырылады | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев ұлттық жоба жылу, электр және сумен жабдықтау желілері мен объектілерін, сондай-ақ су бұру жүйелерін кешенді жаңартуды көздейтінін атап өтті.
Оның сөзінше, ұлттық жобаны іске асыру апатты жағдайлар және инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Фото: Александр Павский / Kazinform Іс-шара барысында БАҚ өкілдері еліміз энергияны көрші елдерден импорттамай, энергетика секторында тәуелсіз болуына бұл жоба қаншалықты әсер ететінін сұрады.
- Ұлттық жоба аясында екі бағыт қарастырылған: энергетика сектор және коммуналдық сектор.
Оның ішінде энергетика секторына 6,2 трлн теңге инвестиция тартылады, 15 жаңа жоба жүзеге асырылады және қазір жұмыс істеп тұрған 14 станция жаңғыртылады.
Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін 2030 жылға қарай 14 мегаватт қосымша электр энергия пайда болады.
Бұл бізді энергетикалық тәуелсіздікке әкеледі деп болжап отырмыз, - деді Тимур Қосымбаев.
Читать полностью
Читать новость