Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстанда 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы дайындалды.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылдық қорытынды барысында мәлімдеді.
Министрліктің айтуынша, биыл еліміздегі 8 негізгі курорттық аумаққа инвентаризация жүргізіліп, инфрақұрылым, қауіпсіздік, логистика және туристік сервистерді жаңғырту бағыттары айқындалған.
Сонымен бірге, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары және 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту бағдарламасы бекітілді. Жоспарлар аясында курорттық инфрақұрылымды жаңарту, қызмет сапасын арттыру және туристік әлеуетті күшейту көзделген.