Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда өңірлердегі мәслихат депутаттарының санын анықтау ережелері өзгерді. Тиісті қаулыны Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 2 қазанда қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не өзгерді?
Қаулыда халық санына байланысты мәслихаттарда қанша депутат болуы керек екені жазылған. Өңірде немесе қалада тұрғындар неғұрлым көп болса, депутаттық орындар саны да соғұрлым көп болады.
Атап айтқанда, құжатқа сәйкес:
Облыстық мәслихаттарда егер облыста 300 мыңға дейін адам тұрса, кемінде 26 депутат болуы тиіс. Әрбір қосымша 200 мың тұрғынға тағы екі мандаттан қарастырылған. Астана және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында халық саны 1,1 миллион адамға дейін болғанда депутаттардың минималды саны 30 адамды құрайды. Егер тұрғындар саны бұдан көп болса, әрбір қосымша 200 мың адамға екі мандаттан қосылады. Қалалық мәслихаттарда халық саны 50 мыңға дейін болғанда кемінде 11 депутат қарастырылған. Әрбір қосымша 25 мың тұрғынға мандаттар саны біреуге артып отырады. Аудандық мәслихаттарда халық саны 15 мыңға дейін болса, кемінде 10 депутат болуы тиіс. Әрбір қосымша 15 мың тұрғын үшін тағы бір мандат қосылады. Жекелеген қалалар мен аудандарда қанша депутат болады?Құжатта төрт қала мәслихатындағы депутаттық орындар саны нақтыланды:
Ақтөбе – 30 депутат; Тараз – 28 депутат; Семей – 22 депутат; Алатау – 11 депутат.Бұдан бөлек, тізімге аудандық мәслихаттар да енгізілді. Аудандық мәслихаттар арасында ең көп орын Алматы облысында қарастырылған: Қарасай, Еңбекшіқазақ және және Іле аудандарының тұрғындарын 25 депутаттан өкілдік ететін болады.
Ал Жамбыл облысының Жамбыл ауданында 13 орын, Абай облысының Үржар ауданында 11 орын белгіленді.
Тағы алты ауданда депутаттардың ең аз саны – 10 депутаттан болып белгіленді. Олар: Күршім, Катонқарағай, Үлкен Нарын, және Марқакөл аудандары Шығыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Мақаншы, және Жаңасемей аудандары Абай облысында.
Депутаттар саны сайлау тағайындалған күндегі Ұлттық статистика бюросының халық саны туралы ресми деректері негізінде анықталады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енді.
Еске сала кетейік: 24 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын жариялаған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл олардың жұмысының заңдылығын қамтамасыз ету және депутаттарға тұрғындардың мүдделерін толыққанды қорғауға, бюджеттерді бекітуге және өңірлердің дамуын бақылауға мүмкіндік беру үшін қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу