Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін терең трансформациялауға бет алды өзбекстандық сарапшы

30.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Біз Қазақстанда болып жатқан саяси оқиғаларды мұқият қадағалап отырамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі бастамалары көпшіліктің, оның ішінде халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Вице-президент институтын енгізу, жоғары лауазымдарға тағайындалатын шенеуніктердің кандидатурасын Парламентпен келісу сияқты ұсыныстар Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін терең трансформациялауға бет алғанын айғақтайды. Бұл бағытта әлі нақтылауды қажет ететін мәселелер бар. Атап айтқанда, вице-президенттің міндеті мен қызмет бағыты әлі айқындалып жатыр, - деді Абдулла Абдукадиров.

Мұнымен бірге, ол Президенттің Халық Кеңесін құру бастамасына қатысты пікір білдірді. Абдулла Абдукадировтің пікіріне сай, заңды күшке ие болатын аталған орган билік пен бұқара арасындағы көпір қызметін атқарады.

- Халық Кеңесі деп аталатын ықпалды консультативтік орган пікір алмасу алаңына айналарына сенімдімін. Оның құрамында тәжірибелі сарапшылардың болуы маңызды. Осы арқылы Парламент сала мамандарының пікіріне құлақ асып, маңызды мәселелерді уақыт күттірмей шеше алады. Бұл бүкіл ұлт өкілдерінің басын біріктіретін және ашық ой айтылып, нақты ұсыныс әзірленетін алаң болмақ, - деп түйіндеді Абдулла Абдукадиров.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы конституциялық реформалар туралы еуропалық сарапшылар пікір білдірген болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью