Қазақстан мен АҚШ санкциялық саясаттың жанама әсерлерін азайту мәселесін талқылады

06.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кездесу барысында тараптар АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына ықпал ететін жанама әсерлерін азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында әріптестік өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген ашық және прагматикалық диалогты жалғастыруға мүдделі екендерін атап өтіп, кеңестерді тұрақты өткізуге уағдаласты. 

Айта кетелік Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойған еді.

Сонымен қатар Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездескен еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев санаулы сағаттардан кейін Дональд Трамппен кездесетіні туралы жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью