Қазақстан мен Армения жасанды интеллект және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасады

21.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан мен Армения жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келісті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.

– Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Армения ІТ технологиялар мен стартап экожүйесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл – екі елдің экономикасын дамытуға тың серпін беретін маңызды сала. Осы орайда, жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келістік, бұл бағытта бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне тоқталдық. Премьер-министр Пашинян мырза аймақтағы ең ірі IT стартап паркі – Astana Hub және Alem.Ai жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады. Келесі жылы Alem.Ai негізінде Арменияның TUMO Astana халықаралық білім беру орталығы ашылады, – деді Мемлекет басшысы. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью