Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбімен жоғары жылдамдықты байланыс желісін тартуда

04.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоба аясында Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанның Ақтау және Әзербайжанның Сумгаиыт қалаларын жалғайды. Жобаны екі елдің телекоммуникация саласындағы компаниялары бірлесіп жүзеге асыруда.

Кабельдің жалпы ұзындығы шамамен 380 шақырымды құрайды. Ол Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей цифрлық байланысты қамтамасыз етіп, өңірдегі интернет инфрақұрылымының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба толық аяқталғаннан кейін байланыс желісінің өткізу қабілеті секундына 400 терабитке дейін жетеді. Бұл ауқымды көлемдегі деректерді өте жоғары жылдамдықпен тасымалдауға жол ашып, халықаралық интернет-трафикті тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңа байланыс желісі Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық дәлізді дамытуға үлес қосып, Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі әлеуетін күшейтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью