Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанның географиялық орналасуы – ең үлкен артықшылық. Еуропа мен Азияны байланыстыратын ел алтын көпірге айналып келеді. Әмірліктің халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Навар Абдул Вахед арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Белгілі бизнес қауымдастық жетекшісі еліміздегі жаңа теміржол желілері мен көлік дәліздерін салу жөніндегі бастаманы жоғары бағалап отыр. Оның айтуынша, қазіргідей тұрақсыз геосаяси жағдайда инфрақұрылымды дамыту - тиімді шешім.
Ол өз кезегінде Батыс пен Шығыс арасындағы жүк тасымалына балама жолдар ұсынып, сауда керуендерінің үздіксіз қатынауына жол ашады. «Сондықтан араб әмірліктері Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын толық қолдап қана қоймай, сол мүмкіндікті бірлесіп атқаруға атсалысады», - дейді маман.
Навар Абдул Вахед, Халықаралық қатынастар бойынша кеңесші:
- Қазақстан мен Араб Әмірліктерінің тығыз ынтымақтастығы жалғасын таба бермек. Арада қазіргі таңда іске асып жатқан инвестициялық жобалар көп. Соның ауқымын одан әрі кеңейтіп, бизнестің бірлесіп дамуына жағдай жасайтын боламыз. Мұндай әріптестікке екі жақ та мүдделі. Тиімділігін жан-жақты бағамдап отыр.