Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

26.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жөнінде араб тарапының шақыруымен Қазақстанынң ішкі істер министрі Біріккен Араб Әмірліктеріне, атап айтқанда, Әбу-Даби қаласына жұмыс сапарымен барғанда қол жеткізілді. Сапар аясында Ержан Саденовтің Әмірліктің вице-премьер-министрі әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздері өткізді.

Келіссөздердің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

"Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдіктер әкеледі", - деп жазылған хабарламада.

Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. Меморандум тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, жедел ақпарат алмасу, заманауи технологияларды енгізу және кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью