Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Серік Жұманғарин БҰҰДБ Қазақстанның орнықты дамуды, институционалдық реформаларды және өңірлік саясатты ілгерілетудегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретінін атап өтті.
— Қазіргі уақытта біз өңірлік дамуға, «жасыл» трансформацияға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған БҰҰДБ-ның 2021–2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын бірлесіп іске асырып жатырмыз, — деп атап өтті ол.Фото: Үкімет
Өз тарапынан Хаолян Шу Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол сондай-ақ БҰҰДБ-ның бастамаларды одан әрі бірлесіп дамытуға дайын екендігін атап өтті. Кездесу барысында қазақстандық тарап өңірлік саясаттың басымдықтарын да атап өтті.
Фото: ҮкіметАтап айтқанда, өңірлік стандарттар жүйесіне (ӨСЖ) негізделген жаңа бюджеттік модель өңірлер ішінде әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымды дамытудағы теңгерімсіздікті қысқартуға бағытталғаны атап өтілді. ӨСЖ-нің негізгі мақсаты — елді мекендердегі өмір сүру жағдайын теңестіру, әсіресе ауылдық жерде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Айта кетейік, Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен жаңа инвестициялық жобаларды талқылаған болатын.